SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ӨҢЕШ АТРЕЗИЯСЫН ТҮЗЕТУДЕН КЕЙІНГІ РЕФРАКТЕРЛІ АНАСТОМОЗДЫҚ ТАРЫЛУЛАРДЫ ЕМДЕУ. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ.

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/b7hwje82

Кілт сөздер:

өңеш атрезиясы, анастомоздық стриктура, рефрактерлі және рецидивті стриктуралаp, қосымша емдеу әдістері, өңешті стенттеу

Аңдатпа

Кіріспе: Өңеш атрезиясын хирургиялық түзетуден кейінгі рефрактерлі анастомоздық стриктуралар (АС) балалар арасында эндоскопиялық баллонды дилатацияға (ЭБД) тұрақты жауап бермейтін күрделі мәселе болып қала береді. Қайталама процедураларға қарамастан, кейбір науқастарда симптомдардың қайта пайда болуы немесе тұрақты сақталуы байқалады, бұл жазылу процесіндегі күшейген фиброгенезбен байланысты болуы мүмкін. Мақсаты: Өңеш атрезиясын түзеткеннен кейін дамитын рефрактерлі анастомоздық стриктураларды емдеудің тиімді әрі инвазивтілігі төмен жаңа әдістерін зерттеу. Әдістер: Web of Science және PubMed деректер базасы арқылы соңғы 5 жыл ішіндегі әдебиетке шолу жүргізілді. Өңеш анастомозы стриктураларын емдеу әдістері келесі жеті топқа бөлінді: (1) ошақішілік глюкокортикостероидты инъекция (ГКС), (2) жүйелі глюкокортикостероидты терапия, (3) митомицин С (ММС) қолдану, (4) эндоскопиялық инцизиялық терапия (ЭИТ), (5) өңешті стенттеу, (6) жасушалық терапия, (7) магниттік реканализация. 
Нәтижелер: Өңеш атрезиясын түзеткеннен кейінгі рефрактерлі анастомоздық стриктураларды емдеудің қазіргі тәсілдері қарастырылды. Глюкокортикостероидтардың, әсіресе триамцинолонның ошақішілік инъекциялары қысқа стриктураларда дилатация жиілігін төмендеткенімен, бүйрек үсті безі функциясының тежелуі және инфекциялық асқынулар секілді қауіптермен байланысты. Митомицин С жергілікті қолданылғанда әртүрлі нәтижелер көрсетті: кейбір зерттеулерде стриктура жиілігі азайған, басқаларында әсері болмаған. Эндоскопиялық инцизиялық терапия қысқа және асимметриялық стриктураларда тиімді, бірақ өңештің перфорациясы қаупімен шектеледі. Стенттеу және жүйелі ГКС терапиясы дәлелдеме базасы жеткіліксіз, даулы әдістер болып қалып отыр. Жаңа технологиялар, соның ішінде магниттік реканализация мен аутологиялық трансплантаттар немесе жасушасыз матрикс арқылы жасушалық терапия әлі эксперименттік сатыда, бірақ жекелеген жағдайларда үміт күттірерлік нәтижелер көрсетті. Қорытынды: Рефрактерлі өңеш стриктураларын емдеудің әмбебап әдісі жоқ. Қысқа стриктураларда ГКС және ММС ошақішілік қолдану ең перспективті тәсілдер болып табылады, ал инновациялық әдістерді кеңірек зерттеу қажет. Емнің қауіпсіздігі мен тиімділігін дәлелдейтін, үлкен популяцияда жүргізілетін болашақ проспективті, салыстырмалы зерттеулер қажет.

Автор өмірбаяндары

  • Женис Сакуов

    Master of Medical Sciences, Head of the Department of Neonatal Surgery, "National Research Center for Maternal and Child Health" of the Corporate Fund "University Medical Center", PhD candidate at the Department of Pediatric Surgery, Astana Medical University, Astana, Republic of Kazakhstan. E-mail: zhenissakuov@gmail.com, https://orcid.org/0000-0002-9885-3778

  • Василий Лозовой

    Doctor of Medical Sciences, Professor at the Department of Pediatric Surgery, Astana Medical University, Astana, Republic of Kazakhstan, v.m.loz@mail.ru, https://orcid.org/0000-0001-9193-7963

  • Асылжан Ерекешов

    Candidate of Medical Sciences, Associate Professor, Deputy Chairman of the Board for Clinical Affairs, Scientific Center of Pediatrics and Pediatric Surgery JSC, Almaty, Republic of Kazakhstan. https://orcid.org/0009-0003-7793-9497

  • Меруерт Бокаева

    Pediatric Surgeon, Master’s student in Molecular Medicine School of Medicine, Nazarbayev University, Astana, Republic of Kazakhstan Mailing address: 5/1 Kerei and Zhanibek Khans Street, Astana 010000, Republic of Kazakhstan Phone: +7 771 192 2220 Email: meruyert.bokayeva@nu.edu.kz

Әдебиеттер тізімі

Sakuov Zh.N., Lozovoy V.M., Yerekeshov A.A., Bokayeva M.S. Management of Refractory Anastomotic Strictures Following Esophageal Atresia Repair. Literature review // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (4), pp. 202-210. doi 10.34689/SH.2025.27.4.025

Сакуов Ж.Н., Лозовой В.М., Ерекешов А.А., Бокаева М.С. Лечение рефрактерных сужений анастомоза после коррекции атрезии пищевода. Обзор литературы // Наука и Здравоохранение. 2025. Vol.27 (4), С.202-210. doi 10.34689/SH.2025.27.4.025

Сакуов Ж.Н., Лозовой В.М., Ерекешов А.А., Бокаева М.С. Өңеш атрезиясын түзетуден кейінгі рефрактерлі анастомоздық тарылуларды емдеу. Әдебиеттік шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2025. Vol.27 (4), Б. 202-210. doi 10.34689/SH.2025.27.4.025

Жүктеулер

Жарияланды

2025-11-03

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 26

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.