ИНФЕКЦИОНДЫҚ ЭНДОКАРДИТТІҢ АУРУШАҢДЫҚ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕТЕКШІ ПРИНЦИПТЕРДІҢ ЖАҢАРТУЫНАН КЕЙІН. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ.
DOI:
https://doi.org/10.34689/025m4d64Кілт сөздер:
Инфекциялық эндокардит, антибиотикопрофилактика, ESC, AHA, NICEАңдатпа
Кіріспе. Инфекциялық эндокардит (ИЭ) – бұл сирек кездесетін инфекциялық ауру, аурушаңдық көрсеткіштерінің тұрақты өсуімен сипатталады. Қазіргі уақытта ИЭ профилактикасына арналған бірнеше халықаралық ұсынымдар бар. Осыған байланысты зерттеушілер мен денсаулық сақтау жүйесінің өкілдері осы профилактикалық ұсынымдардың тиімділігі жөнінде сұрақтар қояды. Зерттеудің мақсаты. Жаңартылған ұсыныстардағы өзгерістерді талдау және ИЭ профилактикасына арналған жетекші принциптерді енгізгеннен кейінгі аурушаңдық тенденцияларын зерттеу. Материалдар мен әдістер. PubMed, Google Scholar, Cochrane, eLibrary және Cyberleninka дерекқорларында жариялану мерзімі мен тілге шектеу қоймай, жүйелі іздеу жүргізілді. Нәтижелер. AHA және ESC ұсынымдары ИЭ-нің жоғары тәуекел тобындағы пациенттер үшін инвазивті стоматологиялық процедуралар алдында антибиотиктер тағайындауды міндетті түрде ұсынуда өзара ұқсас. Ал, NICE антибиотикопрофилактикадан толық бас тартуға шақырады. Әртүрлі тәсілдерге қарамастан, ИЭ аурушаңдығының жыл сайынғы өсімі байқалады. Дегенмен, ұлттық ұсынымдар жасаған елдер тек аурушаңдық көрсеткіштерін ғана емес, ИЭ-ден өлім-жітімді де азайтуға қол жеткізгенін атап өткен жөн. Қорытынды. Демек, кейбір елдер ИЭ ауруының тұрақты өсуіне қарамастан, ауруды алдын алу жөнінде прогресске жетітті Бүгінгі күнде Қазақстанда ИЭ бойынша эпидемиологиялық зерттеулердің жоқтығын ескере отырып, денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне осы мәселеге назар аударып, сәйкесінше зерттеулер жүргізуді ұсынамыз. Сонымен қатар, елдегі ИЭ эпидемиологиялық профилінің ерекшеліктерін ескере отырып, аурудың профилактикасы бойынша ұлттық ұсынымдар әзірлеу мүмкіндігін қарастыру маңызды.
Әдебиеттер тізімі
Кусаинова Ж.Д., Булегенов Т.А. Тенденции заболеваемости инфекционного эндокардита после обновления международных руководствующих принципов (обзор литературы) // Наука и Здравоохранение. 2025. Vol.27 (2), С.154-167. doi 10.34689/SH.2024.27.2.018
Kussainova Zh., Bulegenov T. Trends in the incidence of infective endocarditis following the update of international guidelines. Literature review // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (2), pp. 154-167. doi 10.34689/SH.2025.27.2.018
Құсаинова Ж.Д., Булегенов Т.А. Инфекциондық эндокардиттің аурушаңдық тенденциялары халықаралық жетекші принциптердің жаңартуынан кейін. Әдебиеттік шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2025. Vol.27 (2), Б. 154-167. doi 10.34689/SH.2025.27.2.018
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.