SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

РЕВМАТОИДТЫ АРТРИТ КЕЗІНДЕГІ ТОБЫҚ ЖӘНЕ ТАБАН БУЫНДАРЫНЫҢ ЗАҚЫМДАНУЫ – 99mTc-MDP ҚОЛДАНЫП ЖҮРГІЗІЛГЕН ҮШ ФАЗАЛЫ СҮЙЕК СЦИНТИГРАФИЯСЫН SPECT/КТ, МРТ ЖӘНЕ УДЗ ӘДІСТЕРІМЕН САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/92zdkx04

Кілт сөздер:

Тобық және табан буындарының ревматоидты артрит, 99mtc-үш фазалы сүйекті сканерлеу, SPECT / КТ, Тобық және табан буындарының МРТ, Тобық және табан буындарының УДЗ

Аңдатпа

Кіріспе. Ревматоидты артрит (РА) — этиологиясы белгісіз созылмалы қабыну ауруы. Ауру симметриялы шеткері көпбуынды артритпен және буыннан тыс көптеген көріністермен сипатталады. Бұл — буындарды зақымдап, физикалық мүгедектікке әкелетін, буыннан тыс көріністері бар созылмалы қабыну артритінің бір түрі. Антиденелерді, анти-ЦЦП және ревматоидты факторларды бағалау әдетте диагностикалық және болжамдық маңызы бар маркерлер ретінде қолданылады. РА ауруы көбінесе 25–55 жас аралығында жиі кездеседі. Соңғы жылдары клиникалық бағалау мақсатында қабыну мен буын зақымдануы туралы ақпарат алу үшін ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ), магнитті-резонанстық томография (МРТ), сүйек сцинтиграфиясы және ПЭТ/КТ сияқты бейнелеу әдістері қолданылуда.
Мақсаттар: Ревматоидты артритпен (РА) ауыратын науқастардағы тобық және табан буындарының зақымдану жиілігін бағалау. 99mTc-MDP қолданылған үш фазалы сүйек сцинтиграфиясын SPECT/КТ, МРТ және УДЗ әдістерімен салыстыру. Материалдар мен әдістер: Зерттеуге РА диагнозы қойылған 50 науқас қатыстырылды, оларға зақымданған буындарды 99mTc-MDP көмегімен сканерлеу жүргізілді. Оның ішінде 30 науқасқа қосымша МРТ және кейіннен УДЗ жасалды. Нәтижелер: Үш фазалы сүйек сцинтиграфиясынан өткен 50 науқастың 786 буынында патологиялық өзгерістер анықталды. Оның ішінде 280 буын (~36%) ірі буындар, ал 506 буын (~64%) ұсақ буындар болды. Осы 30 науқасқа қосымша МРТ жасалды. Салыстыру нәтижесінде бейнелеу әдістері арасында жақсы немесе орташа деңгейдегі үйлесімділік бары анықталды. Зерттеу барысында МРТ синовиалды өзгерістерді, сүйек эрозиясын және сүйек кемігіндегі ісінуді нақты көрсетті. Планарлы және SPECT/КТ кескіндері де сәйкес аймақтардағы белсенділіктің артқанын көрсетті. Сонымен қатар, клиникалық белгілері жоқ буындарда да аурудың бар-жоғын анықтауға мүмкіндік берді. Үш бейнелеу әдісі де РА клиникалық түрде білінбей тұрып, аурудың белгілі бір дәрежеде басталып кеткенін көрсетті. Қорытынды: 99mTc-MDP қолданылатын үш фазалы сүйек сцинтиграфиясы — ұсақ және ірі буындарды бір зерттеудің аясында бағалауға арналған үздік бейнелеу әдісі. Бұл әдіс аурудың белсенділігі, буындардың зақымдану саны мен орналасуы туралы құнды ақпарат береді. 99mTc-MDP сүйек сцинтиграфиясы мен МРТ метатарсофалангеалды (MTP) буындардағы зақымдану дәрежесін бағалауда орташа деңгейде сәйкестік көрсетті. Ультрадыбыстық зерттеу синовиалды өзгерістерді анықтауға көмектеседі.

Автор өмірбаяндары

  • Вивек Кумар

    Assistant Professor, Department of Nuclear Medicine, All Indian Institute of medical sciences, Rishkesh, Uttarakhand 239201, INDIA. +918937093725, E-mail: vivekkumarcsmmu@gmail.com, https://orcid.org/0000-0002-6898-5892

  • Арья Амитабх

    Department of Nuclear Medicine, Sanjay Gandhi Post Graduate Institute of Medical Sciences, Raebarelli Road. Address: Lucknow- 226014, Uttar Pradesh, India E-mail: dramitabharya@yahoo.com Phone: +91-9415323842

  • Агарвал Викaс

    Department of Immunology, Sanjay Gandhi Post- Graduate Institute of Medical Sciences, Lucknow, India. E-mail: vikasagr@yahoo.com; Mobile no: +91-9793245857

  • Намита Мохиндра

    Professor Radiodiagnosis, Sanjay Gandhi Post Graduate Institute of Medical Sciences, Lucknow, +91-9648965000, E-mail: nmohindra1@gmail.com, https://orcid.org/0000-0003-3043-1218

  • Туласи Дипа

    Junior Resident, Department of Nuclear Medicine, Sanjay Gandhi Postgraduate Institute of Medical Sciences, Lucknow- 226014, India. +91 7356682625, E-mail: deepats26@gmail.com, https://orcid.org/0000-0002-6367-2395

Әдебиеттер тізімі

Saini Vivek Kumar, Arya Amitabh, Agarwal Vikas, Mohindra Namita, Thulasi Sunitha Deepa; Ankle and foot lesions in rheumatoid arthritis - a comparative study of triple phase 99mTc-MDP Bone scintigraphy with SPECT/CT, MRI and USG imaging // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (4), pp. 79-90 doi 10.34689/SH.2025.27.4.011

Сайни Вивек Кумар, Арья Амитабх, Агарвал Викaс, Мохиндра Намита, Туласи Сунита Дипа; Повреждения голеностопного сустава и стопы при ревматоидном артрите – сравнительное исследование трехфазной сцинтиграфии костей с использованием 99mTc-MDP с помощью SPECT/КТ, МРТ и УЗИ // Наука и Здравоохранение. 2025. Vol.27 (4), С.79-90. doi 10.34689/SH.2025.27.4.011

Сайни Вивек Кумар, Арья Амитабх, Агарвал Викaс, Мохиндра Намита, Туласи Сунита Дипа; Ревматоидты артрит кезіндегі тобық және табан буындарының зақымдануы – 99mTc-MDP қолданып жүргізілген үш фазалы сүйек сцинтиграфиясын SPECT/КТ, МРТ және УДЗ әдістерімен салыстырмал зерттеу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2025. Vol.27 (4), Б. 79-90. doi 10.34689/SH.2025.27.4.011

Жүктеулер

Жарияланды

2025-11-03

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

РЕВМАТОИДТЫ АРТРИТ КЕЗІНДЕГІ ТОБЫҚ ЖӘНЕ ТАБАН БУЫНДАРЫНЫҢ ЗАҚЫМДАНУЫ – 99mTc-MDP ҚОЛДАНЫП ЖҮРГІЗІЛГЕН ҮШ ФАЗАЛЫ СҮЙЕК СЦИНТИГРАФИЯСЫН SPECT/КТ, МРТ ЖӘНЕ УДЗ ӘДІСТЕРІМЕН САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУ. (2025). Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение», 27(4), 79-90. https://doi.org/10.34689/92zdkx04

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 178

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.