SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ӘРТҮРЛІ ЖАС ТОПТАРЫНДАҒЫ СУИЦИД

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/j7kphv97

Кілт сөздер:

суицид, өлім, Қазақстан, жас топтары, психикалық денсаулық

Аңдатпа

Кіріспе: Суицид – бүкіл әлемде өлімнің жетекші себептерінің бірі болып қала береді және қоғамдық денсаулыққа айтарлықтай әсерін тигізеді. Қазақстанда, басқа елдердегі сияқты, суицид деңгейі жас топтарына, жынысына және әлеуметтік-экономикалық факторларға байланысты өзгеріп отырады. 15–19, 20–24, 25–29, 30–34, 35–39 жас және 40 жастан асқан жас топтарындағы суицид көрсеткіштерін талдау арқылы негізгі үрдістер мен қауіп факторларын анықтауға мүмкіндік ашылады. Мақсаты: Қазақстандағы әртүрлі жас топтарында суицидтен болған өлімді талдау, жыныстық айырмашылықтар мен уақыттық тенденцияларды анықтау. Материалдар мен әдістер: Зерттеуде Global Burden of Disease, GBD 2021 деректері қолданылды, оларды Institute for Health Indicators and Assessment (IHME) ұсынған. Деректер 2017–2021 жылдар аралығын қамтиды және өлім көрсеткіштері жас топтары мен жынысы бойынша бөлінген. Талдау салыстырмалы статистикалық әдістерді қолдану арқылы жүргізілді, оған өлімнің абсолюттік көрсеткіштерін бағалау, өлім деңгейінің пайыздық мөлшерін анықтау және жылдар бойынша динамикалық өзгерістерді талдау кірді. Нәтижелер: Талдау нәтижелері көрсеткендей, ең жоғары суицид деңгейі 25–29 жас және 30–34 жас аралығындағы топтарда байқалады, ал жасөспірімдер мен егде жастағы топтарда көрсеткіштер төмен. Ер адамдар әйелдерге қарағанда айтарлықтай жоғары суицид деңгейін көрсетеді, бұл жаһандық деректермен сәйкес келеді. Уақыттық трендтер әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен дағдарыстарға байланысты өлімнің ауытқуын көрсетеді. Қорытындылар: Суицидтен болған ең жоғары өлім 25–29 және 30–34 жас топтарында тіркелді. Қазақстанда ер адамдардың суицид деңгейі әйелдерге қарағанда айтарлықтай жоғары. Уақыттық трендтер өлім деңгейінің ауытқуын көрсетеді, бұл тұрақты мониторингті қажет етеді. Суицид деңгейін төмендету үшін кешенді шаралар, соның ішінде психологиялық көмекке қолжетімділікті арттыру және ерте араласу бағдарламалары қажет. 2022– 2024 жылдардағы тенденцияларды талдау үшін зерттеуді жалғастыру қажет.

Автор өмірбаяндары

  • Еламан Төлеуов

    Assistant of the Department, NCJSC «Semey Medical University», Department of Psychiatry and Narcology, Semey, Kazakhstan, yelaman.toleuov@smu.edu.kz, +77074469806, 0009-0005-0112-3744

  • Тимур Молдагалиев

    PhD, Head of the Department, NCJSC «Semey Medical University», Department of Psychiatry and Narcology, Semey, Kazakhstan, timur.moldagaliyev@smu.edu.kz, +77776211283, 0000-0002-4385-8459

  • Нурсултан Сексенбаев

    PhD, assistant of the Department, NCJSC «Semey Medical University», Department of Psychiatry and Narcology, Semey, Kazakhstan, nursultan.zhaksylykovich@smu.edu.kz, +77073658271, 0000-0001-6276-3546

  • Камила Аккузинова

    Assistant of the Department, NCJSC «Semey Medical University», Department of Psychiatry and Narcology, Semey, Kazakhstan, akkuzinova@gmail.com, +77715477355, 0000-0002-6294-4168

  • Лаззат Жамалиева

    Candidate of Medical Sciences, Associate Professor, Professor of the Department of General Medical Practice, NСJSC «West Kazakhstan Marat Ospanov Medical University», Aktobe, Kazakhstan, lzhamalieva@mail.ru, +77012130862, 0000-0003-3625-3651

  • Бубелиене Дайва

    Daiva Bubeliene - PhD, Senior Researcher, Vytautas Magnus University, Education Academy, Kaunas, Lithuania, 0000-0003-3198-1633

  • Ринат Музафаров

    Head of the Department of International Cooperation and Public Relations, Republican Scientific and Practical Center for Mental Health, Almaty, Kazakhstan, 0009-0003-0930-5935

  • Шайзат Тлеубаева

    Chief physician, Republican Scientific and Practical Center for Mental Health, Pavlodar, Kazakhstan

  • Ботакоз Мэлсова

    Master of Public Health, Head of the clinic department, NСJSC «West Kazakhstan Marat Ospanov Medical University», Aktobe, Kazakhstan.

Әдебиеттер тізімі

Toleuov E.A., Moldagaliyev T.M., Seksenbayev N.Zh., Akkuzinova K.F., Zhamaliyeva L.M., Bubeliene D., Muzafarov R., Tleubayeva Sh., Malsova B.K. Suicide across different age groups // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (1), pp. 123-129. doi 10.34689/SH.2025.27.1.015

Төлеуов Е.Ә., Молдагалиев Т.М., Сексенбаев Н.Ж., Аккузинова К.Ф.,Жамалиева Л.М., Бубелиене Д., Музафаров Р.Х., Тлеубаева Ш.М., Мэлсова Б.К. Суицид в различных возрастных группах // Наука и Здравоохранение. 2025. Vol.27 (1), С. 123-129. doi 10.34689/SH.2025.27.1.015

Төлеуов Е.Ә., Молдагалиев Т.М., Сексенбаев Н.Ж., Аккузинова К.Ф., Жамалиева Л.М., Бубелиене Д., Музафаров Р.Х., Тлеубаева Ш.М., Мэлсова Б.К. Әртүрлі жас топтарындағы суицид // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2025. Vol.27 (1), Б. 123-129. doi 10.34689/SH.2025.27.1.015

Жүктеулер

Жарияланды

2025-11-06

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 270

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.