АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯМЕН СЫРҚАТТАРДЫҢ АМБУЛАТОРИЯЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ САПАСЫНА ҚАНАҒАТТАНУШЫЛЫҒЫ
DOI:
https://doi.org/10.34689/21jysw25Кілт сөздер:
артериялық гипертензия, ауруларды басқару бағдарламасы, пациенттердің қанағаттануы, денсаулық мектептеріАңдатпа
Кіріспе. Артериялық гипертензия – кең таралған аурулардың бірі, оның пайда болуы жүрек-қан тамырлары асқынулары мен өлім-жітім қаупінің едәуір артуымен байланысты. Артериялық гипертензиясы бар науқастарға амбулаториялық деңгейде медициналық көмектің сапасына қанағаттануын бағалау қазіргі денсаулық сақтау жүйесінде маңызды орын алады. Гипертензияны басқарудың тиімді әдістері болғанымен, зерттеулер көрсеткендей, артериялық гипертензияны емдеу көбінесе өмір салтын өзгерту мен дәрігер белгілеген емдеу шараларын орындау бойынша науқас пен дәрігер арасындағы серіктестіктің болмауы себебінен тиімсіз болады. Мақсаты: Артериялық гипертензиямен ауыратын науқастардың амбулаториялық медициналық көмектің сапасына қанағаттану деңгейін әлеуметтік сауалнама арқылы бағалау. Материалдар мен әдістер: Зерттеу дизайны – бірмезгілдік көлденең зерттеу. Әлеуметтік сауалнама 2023 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында Астана қаласындағы 4 қалалық емханаларында кардиолог кабинеттерінде (әрқайсысынан 50 пациент) жүргізілді. Зерттеуге жалпы тәжірибе дәрігерінің диспансерлік есебінде тұрған, ауруларды басқару бағдарламасы бойынша ем қабылдайтын, 18 жастан асқан артериялық гипертензиясы бар пациенттер енгізілді. Нәтижелер: Зерттеуге артериялық гипертензиясы бар 200 пациент қатысты, олардың 41%-ын ер адамдар және 59%-ын әйел адамдар құрады. Сауалнама нәтижесі бойынша, респонденттердің 72,5%-ы артериялық қысымды өздігінен өлшеу дағдысына ие, ал 67,0%-ында тонометр бар. Ауруларды басқару бағдарламасының ұйымдастырылуына 47,9% қатысушы қанағаттанғанын көрсетті. Респонденттердің тек 29,7%-ы ғана артериялық гипертензия мектебіне қатысқан, бұл бағдарламаның білім беру компоненттеріне пациенттердің тартылу деңгейінің төмендігін көрсетеді. Сонымен қатар, пациенттердің тек 46,5%-ы ғана аталған бағдарламаға қатысуды өз таныстарына ұсынуға дайын екендерін білдірді, бұл ауруды басқару бағдарламасы бойынша ақпараттық және мотивациялық жұмыстың әлсіздігін көрсетеді. Қорытынды. Осылайша, пациенттердің қанағаттану деңгейін арттыру және Ауруларды басқару бағдарламасының тиімділігін жақсарту үшін денсаулық мектептерінің жұмысын жандандырып, пациенттерді өзін-өзі бақылау қағидаттарына оқыту, жеке емдеу жоспарларын әзірлеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ бастапқы медициналық-санитариялық көмек мамандарының пациенттерді үздіксіз бақылауға қатысуын күшейту қажет. Бұл тек клиникалық нәтижелерді жақсартып қана қоймай, сонымен қатар пациенттердің өз денсаулығына деген жауапкершілік деңгейін арттырады.
Әдебиеттер тізімі
Markabayeva A.M., Kerimkulova A.S., Ospanova A.S., Umbetzhanova A.T, Zhakupbekova M.O. Satisfaction with the quality of primary care for patients with hypertension // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (4), pp. 72-78. doi 10.34689/SH.2025.27.4.010
Маркабаева А.М., Керимкулова А.С., Оспанова А.С., Умбетжанова А.Т., Жакупбекова М.О. Удовлетворенность качеством оказания амбулаторной медицинской помощи пациентов с артериальной гипертензией // Наука и Здравоохранение. 2025. Vol.27 (4), С. 72-78. doi 10.34689/SH.2025.27.4.010
Маркабаева А.М., Керимкулова А.С., Оспанова А.С., Умбетжанова А.Т., Жакупбекова М.О. Артериялық гипертензиямен сырқаттардың амбулаториялық медициналық көмектің сапасына қанағаттанушылығы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2025. Vol.27 (4), Б. 72-78. doi 10.34689/SH.2025.27.4.010
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.