ФЕРТИЛЬДІ ЖАСТАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДЕГІ КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ (SARS-COV-2) ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ САЛДАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.34689/rc3xfp95Кілт сөздер:
COVID-19, әйелдер денсаулығы, репродуктивтік денсаулық, постковидтік синдром, ұзақ мерзімді белгілерАңдатпа
Кіріспе: COVID-19 індетін бастан өткерген әйелдердің жалпы денсаулық жағдайы мен репродуктивтік функциясына әсері толық анықталмаған. Мақсаты: COVID-19 індетін өткерген әйелдердің жалпы және репродуктивтік денсаулық жағдайын, ұзақ мерзімді постковидтік белгілердің таралуын бағалау. Әдістер: Зерттеу сипаттамалық кескінді зерттеу үлгісінде жүргізілді. Респонденттерге жас, бой, COVID-19-ға дейінгі және кейінгі денсаулық жағдайы, жүктілік және босану нәтижелері, медициналық көмекке жүгіну жиілігі, постковидтік белгілердің ұзақтығы мен сипаты туралы сауалнама жүргізілді. Нәтижелер IBM SPSS Statistics 19 бағдарламасымен талданды. Нәтижелер: 21–35 жас аралығындағы әйелдердің 80%-да (n≈239) жалпы денсаулық жағдайы COVID-19-ға дейін жақсы деп бағаланды (шамамен 80%), алайда аурудан кейін «өте жақсы» бағасы 3,7%-ға, «жақсы» 44,3%-ға дейін төмендеді. Мерзімінен бұрын босану және түсік жағдайлары 32%-ды құрады. Постковидтік белгілердің қатарында қатты шаршау, бұлшықет-буын аурулары, ұйқының бұзылуы, шаштың түсуі, тері серпімділігінің төмендеуі жиі байқалды. Көпшілігінде (шамамен 60%-дан астам) белгілер 3 айдан аса уақытқа созылды. Қорытынды: COVID-19 әйелдердің жалпы және репродуктивтік денсаулығына ұзақ мерзімді теріс әсерін тигізеді. Алынған мәліметтер репродуктивтік жастағы әйелдерде постковидтік синдромның кешенді бағасы мен оңалту шараларының маңыздылығын көрсетеді.
Әдебиеттер тізімі
Ayazbekov A., Taskynova G., Oshibayeva A., Taubekova M., Tanysheva G. Long-term consequences of coronavirus infection (SARS-COV-2) in women of childbearing age // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (1), pp. 146-156. doi 10.34689/SH.2025.27.1.018
Аязбеков A., Таскынова Г., Ошибаева А., Таубекова М., Танышева Г. Долгосрочные последствия коронавирусной инфекции (SARS-COV-2) у женщин фертильного возраста // Наука и Здравоохранение. 2025. Vol.27 (1), С.146-156. doi 10.34689/SH.2025.27.1.018
Аязбеков A., Таскынова Г., Ошибаева А., Таубекова М., Танышева Г. Фертильді жастағы әйелдердегі коронавирустық инфекцияның (sars-cov-2) ұзақ мерзімді салдары // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2025. Vol.27 (1), Б. 146-156. doi 10.34689/SH.2025.27.1.018
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Категориялар
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.