БОСАНДЫРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІ: РЕСУРСТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ, КАДРЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ ЖӘНЕ КӘСІБИ ДАМУ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.34689/346d1c70Кілт сөздер:
қанағаттанушылық, қауіп-қатер, инфекциялық қауіпсіздік, босандыру ұйымыАңдатпа
Кіріспе. Босандыру ұйымдарындағы инфекциялық қауіпсіздік – медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Осы зерттеудің мақсаты – босандыру ұйымдарындағы инфекциялық қауіпсіздік деңгейіне ықпал етуі мүмкін факторларды кешенді түрде бағалау. Оған техникалық және медикаментоздық жабдықталу деңгейі, персоналдың еңбек жағдайларына қанағаттануы, кәсіби топтар арасындағы өзара әрекеттесу деңгейі және кәсіби дамуға қолжетімділік сияқты аспектілер кіреді. Материалдар мен әдістері: 2025 жылғы 20 қаңтар мен 20 ақпан аралығында Астана, Семей және Көкшетау қалаларындағы босандыру ұйымдарының дәрігерлері мен медбикелерін қоса алғанда, 255 медицина қызметкерінің қатысуымен көлденең зерттеу жүргізілді. Зерттеу Google Forms бағдарламалық сервисі арқылы жүзеге асырылды. Нәтижелер: Зерттеуге босандыру ұйымдарының 255 медицина қызметкері қатысты, олардың ішінде дәрігерлер – 14,9% (N=38), орта медициналық персонал – 73,3% (N=187), сондай-ақ медициналық оңалту мамандары, клиникодиагностикалық қызметкерлер, әкімшілік-басқару персоналы, фармацевтер және басқа да мамандар – 11,8% (N=30) құрады.Орта медициналық персоналдың 78,7%-ы (N=118) мекеменің жабдықталуын оң бағаласа, дәрігерлер арасында бұл көрсеткіш тек 11,3% (N=17) болды (p = 0,001).Дәрілік қамтамасыз етуге баға беру де ұқсас үрдісті көрсетті: қажетті дәрілік заттардың жеткіліктілігіне орта медициналық персоналдың 80,4%-ы (N=123) қанағаттанғанын білдірсе, дәрігерлер арасында бұл көрсеткіш небәрі 9,8% (N=15) болды (p = 0,009).Профильді мамандармен (акушер-гинекологтар, акушерлер, мейірбикелер) бөлімшелердің жасақталуына 74,2% (N=112) орта медициналық персонал және 13,2% (N=20) дәрігер қанағаттанғанын көрсетті (p = 0,07).Зертханалық диагностикаға қолжетімділікке орта медициналық қызметкерлердің 78,3%-ы оң баға берсе, дәрігерлер арасында бұл көрсеткіш 10,2%-ды құрады (p = 0,001). Тар бейінді мамандардың (кардиолог, эндокринолог және т.б.) консультацияларына қолжетімділікке 76,3% (N=129) орта медициналық персонал және тек 14,2% (N=24) дәрігер қанағаттанғанын көрсетті (p<0,0001). Дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлер арасындағы өзара түсініспеушілік жағдайларының болуын дәрігерлердің 11,6%-ы (N=5) атап өтті, алайда кәсіби топтар арасында статистикалық тұрғыдан елеулі айырмашылық анықталған жоқ (p = 0,66). Оқу іс-шаралары мен тренингтерге қолжетімділік орта медициналық қызметкерлердің 79,9%-ы (N=123) үшін жеткілікті деп танылса, дәрігерлер арасында бұл көрсеткіш небәрі 8,4% (N=13) болды (p = 0,001). Қорытындылар: Дәрігерлер мен орта медициналық персонал арасында еңбек жағдайлары мен инфекциялық қауіпсіздік факторларын бағалауда елеулі айырмашылықтар анықталды. Респонденттер ең көп сын айтқан аспектілер – мекемелердің жабдықталуы, диагностикалық қызметтерге қолжетімділік және кәсіби өсу мүмкіндіктері болды. Алынған деректер босандыру ұйымдарындағы медицина қызметкерлері үшін ресурстық қамтамасыз етуді жақсарту және біліктілікті арттыру бағдарламаларын кеңейтуге бағытталған басқарушылық шешімдердің қажеттілігін айқындайды.
Әдебиеттер тізімі
Aldabekova G.U., Musina A.A., Kamalbekova G.M., Khamidullina Z.G, Danbayeva Zh.S. Abdrashidova S.B., Zhumabayeva E.M., Kokisheva G.A., Tanysheva G.A. Infection control in the maternity care system: assessment of resource availability, human capacity and professional development // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (3), pp. 108-116. doi 10.34689/SH.2025.27.3.012
Алдабекова Г.У., Мусина А.А., Камалбекова Г.М., Хамидуллина З.Г., Данбаева Ж.С., Абдрашидова С.Б., Жумабаева Э.М., Кокишева Г.А., Танышева Г.А. Инфекционная безопасность в системе родовспоможения: оценка обеспеченности ресурсами, кадрового потенциала и профессионального развития // Наука и Здравоохранение. 2025. Т.27 (3), С. 108-116. doi: 10.34689/SH.2025.27.3.012
Алдабекова Г.У., Мусина А.А., Камалбекова Г.М., Хамидуллина З.Г., Данбаева Ж.С., Абдрашидова С.Б., Жумабаева Э.М., Кокишева Г.А., Танышева Г.А. Босандыру ұйымдарындағы инфекциялық қауіпсіздік жүйесі: ресурстық қамтамасыз етілуі, кадрлық әлеуеті және кәсіби даму деңгейін бағалау // Ғылым және Денсаулық. 2025. Т.27 (3), Б.108-116. doi: 10.34689/SH.2025.27.3.012
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.