БАҚЫЛАУЛЫҚ ИНТЕРВЕНЦИЯСЫЗ КЛИНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ АРАЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІ «КАРНИТИН ОРОТАТЫ МЕН БИФЕНИЛДИМЕТИЛДИКАРБОКСИЛАТ КЕШЕНІН МЕТАБОЛИЗММЕН БАЙЛАНЫСТЫ МАЙЛЫ БАУЫР АУРУЫНЫҢ ПАТОГЕНЕТИКАЛЫҚ ТЕРАПИЯСЫНДА ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ: ПЕРСПЕКТИВТІ КОГОРТТЫҚ ЗЕРТТЕУ»
DOI:
https://doi.org/10.34689/m0tp2r25Кілт сөздер:
метаболизммен байланысты майлы бауыр ауруы, карнитин-оротат, бифенилдиметилдикарбоксилат, бауыр стеатозы, бауыр фиброзыАңдатпа
Кіріспе. Метаболизммен байланысты майлы бауыр ауруы (МБМБА) кең таралған патология болып табылады және
тиімді емдеу әдістерін қажет етеді. Перспективті бағыттардың бірі – антиоксиданттық және гепатопротекторлық
қасиеттері бар карнитин-оротат пен бифенилдиметилдикарбоксилат (КОК және BDD) кешенін қолдану.
Әдістер. КАСВМ-01 [NCT06078722] обсервациялық, араласпайтын, перспективті когорттық зерттеуі аясында
Қазақстан Республикасында КОК және BDD препаратының МБМБА ағымына әсері зерттелді. 2023 жылғы ақпан
мен 2024 жылғы шілде аралығында Алматы және Алматы облысында 121 қатысушы осы препараттарды
қабылдады. Бақылау ұзақтығы 12 айды құрады, ал аралық талдау 24 апталық емдеу курсын аяқтаған 78
қатысушыда жүргізілді. Антропометриялық көрсеткіштер (ДСИ, бел айналымы), бауыр стеатозы мен фиброз деңгейі
(FibroScan CAP көмегімен), АЛТ, АСТ, жалпы холестерин, триглицеридтер және FIB-4 (фиброздың инвазивті емес
маркері) бастапқы және 24-апталық терапиядан кейін бағаланды.
Нәтижелер. Аралық талдау бойынша АЛТ деңгейінің (32,4-тен 20,1 ЕД/мл-ге дейін, p<0,001), триглицеридтердің
(1,4-тен 1,3 ммоль/л-ге дейін, p=0,007), стеатоз дәрежесінің (304-тен 283 дБ/м-ге дейін, p<0,001) және фиброз
деңгейінің (6,5-тен 6,0 кПа-ға дейін, p=0,022) статистикалық тұрғыдан маңызды төмендеуі анықталды. Айқын
стеатоздың (S3) жиілігі 52,7%-дан 45,7%-ға дейін төмендеді, ал жеңіл стеатоз деңгейлері (S1, S0) сәйкесінше 21,4%
және 10%-ға дейін артты (p=0,001). F3 дәрежесіндегі фиброзы бар науқастар үлесі 8,1%-дан 1,4%-ға дейін, ал F2
деңгейі 27%-дан 21,4%-ға дейін төмендеді (p=0,022), бұл фиброз көрсеткіштерінің жақсарғанын көрсетеді. Бақылау
кезеңінде ДСИ 30,4-тен 29,8 кг/м²-ге дейін төмендеді, бірақ статистикалық тұрғыдан маңызды айырмашылықтар
анықталған жоқ (p=0,214). Жалпы холестерин мен FIB-4 көрсеткіштерінде айтарлықтай өзгерістер байқалмады.
Қорытынды. Аралық талдау КОК және BDD препараттарын МБМБА емдеуде қолданудың тиімділігін растады,
биохимиялық көрсеткіштердің жақсарғанын, сондай-ақ бауыр стеатозы мен фиброзының регрессиясын көрсетті.
Терапияның түпкілікті тиімділігі мен ұзақ мерзімді қауіпсіздігін бағалау үшін зерттеуді жалғастыру және алынған
мәліметтерді бақылаудың кейінгі кезеңдерінде растау қажет.
Әдебиеттер тізімі
Jumabayeva A., Kaibullayeva J., Kaisina A., Nugmanova B., Zhumadilova Z., Botabayeva A., Ualiyeva A., Pashimov M., Kambarova G., Omarova K., Muratbekova A., Balabek A., Yergaliyeva A., Reshidova T., Saktagan A., Kassymova T., Mutaliyeva G., Anuar A., Kudaibergenova Sh. Midterm results of the observational non-interventional clinical study "Evaluation of the effectiveness of the carnitine orotate and biphenyl dimethyl dicarboxylate complex in the pathogenetic therapy of metabolic-associated fatty liver disease: a prospective cohort study» // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (1), pp. 7-14. doi 10.34689/SH.2025.27.1.001
Джумабаева А.Е., Кайбуллаева Д.А., Қайсина Ә.А., Нугманова Б.Т., Жумадилова З.К., Ботабаева А.С., Уалиева А.Е., Пашимов М.О., Камбарова Г.А., Омарова К.С., Муратбекова А.К., Балабек А.Н., Ергалиева А.А., Решидова Т.А., Сақтаған А.Е., Касымова Т.В., Муталиева Г.С., Ануар А.Д., Кудайбергенова Ш.Н. Промежуточные результаты обсервационного неинтервенционного клинического исследования «Оценка эффективности применения комплекса карнитин оротата и бифенилдиметилдикарбоксилата в патогенетической терапии метаболически-ассоциированной жировой болезни печени: проспективное когортное исследование» // Наука и Здравоохранение. 2025. Vol.27 (1), С. 714. doi 10.34689/SH.2025.27.1.001
Джумабаева А.Е., Кайбуллаева Д.А., Қайсина Ә.А., Нугманова Б.Т., Жумадилова З.К., Ботабаева А.С., Уалиева А.Е., Пашимов М.О., Камбарова Г.А., Омарова К.С., Муратбекова А.К., Балабек А.Н., Ергалиева А.А., Решидова Т.А., Сақтаған А.Е., Касымова Т.В., Муталиева Г.С., Ануар А.Д., Кудайбергенова Ш.Н. Бақылаулық интервенциясыз клиникалық зерттеудің аралық нәтижелері «Карнитин оротаты мен бифенилдиметилдикарбоксилат кешенін метаболизммен байланысты майлы бауыр ауруының патогенетикалық терапиясында қолдану тиімділігін бағалау: перспективті когорттық зерттеу» // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2025. Vol.27 (1), Б. 7-14. doi 10.34689/SH.2025.27.1.001
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.