SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

COVID-19 КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ ПАНДЕМИЯСЫ КЕЗІНДЕГІ АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯ АҒЫМЫ МЕН СЕМІЗДІКТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. ӘДЕБИ ШОЛУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/9bager75

Кілт сөздер:

артериалық гипертензия, коронавирустық инфекция, семіздік, АҚ вариабелділігі, инсульт, жедел коронарлық синдром

Аңдатпа

Өзектілігі. Covid-19 коронавирустық инфекциясы эпидемиялық ошағы Хубэй провинциясының Ухань қаласында (Қытай, 2019 жылғы желтоқсан) басталғаны белгілі. 2022 жылдың 14 сәуірінде бүкіл әлем бойынша коронавирустық инфекцияның 501 миллионнан астам жағдайы тіркелді және 6,2 миллионнан астам өлім расталды, бұл Covid-19 пандемиясын тарихтағы ең өлімге әкелетіндердің біріне айналдырды. Коронавирустық инфекцияның пандемиясы жұқпалы емес соматикалық патологияның, көбінесе жүрек-қан тамырлары ауруларының таралуын арттырды. Мақсаты. COVID-19 коронавирустық инфекциясының артериялық гипертензия ағымы мен семіздікке әсерін зерттеу. Іздеу стратегиясы. Әдебиет деректерін талдауды біз Cochrane Library базаларында, 2019 жылдың желтоқсанынан 2024 жылдың ақпанына дейін аралықта Pubmed іздеу базаларында жүргіздік, 2018 гайдлайндары AГ және семіздіктің таралуын анықтау үшін пайдаланылды. Қосу критерилері: жүйелі шолулар, проспективті және ретроспективті когорттық зерттеулер. Қоспау критерийлері: 18 жасқа дейінгі балаларға КВИ-дің әсері мәселелерін қарастыратын мақалалар, жүктілілік, қатерлі ісіктер, covid-19-ға дейінгі миокард инфарктісі, инсульт, аритмия, созылмалы бүйрек аурулары соңғы сатылары, аутоиммунды аурулардың болуы. 500-ден астам дереккөз табылды, талдау үшін 93 дереккөз таңдалды Нәтижелері. Ағзаға жаңа вирустың енуі нәтижесінде ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААС) компоненттерінің зақымдануын ескере отырып, әлемдік медициналық қоғамдастықта АГ бар науқастардың SARSCoV-2 инфекциясына жоғары сезімталдығы туралы гипотеза пайда болды. Сонымен қатар, AГ бар науқастарда COVID-19 коронавирустық инфекциясы әсерінен жүрек-қан тамырлары қауіп қатерлері артады, өйткені қан қысымы деңгейінің тұрақсыздығы, қан қысымының тәуліктік профиліндегі айқын өзгерістер, эндотелий дисфункциясы мен тромбоздық асқынулар анықталады

Автор өмірбаяндары

  • Шынар Ахметжанова

    Медицина ғылымдарының магистрі, «Медицина» факультеті, КеАҚ «Астана медицина университеті», Астана, Қазақстан Республикасы. E-mail: akhmetzhanova.sh@yandex.ru;

  • Серик Байдурин

    М.ғ.д., профессор, Нефрология, гематология, аллергология және иммунология курсымен ішкі аурулар кафедрасы, КеАҚ «Астана медицина университеті», Астана, Қазақстан Республикасы. E-mail: baidurin.s@yandex.ru;

  • Шолпан Жукушева

    М.ғ.к., доцент, гастроэнтерология, эндокринология және пульмонология курстарымен ішкі аурулар кафедрасы, КеАҚ «Астана медицина университеті», Астана, Қазақстан Республикасы. E-mail: sholpan.nur@mail.ru;

  • Сабира Казкенова

    Жалпы медицина факультетінің 5 курс студенті, КеАҚ «Астана медицина университеті», Астана, Қазақстан Республикасы. E-mail: kazkenova.sabira@gmail.com;

  • Гульжан Алиайдар

    ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығының ауруханасы, терапевт, Астана, Қазақстан Республикасы, E-mail: Guljan_alyaydarovna@mail.ru.

Әдебиеттер тізімі

Ахметжанова Ш.К., Байдурин С.А., Жукушева Ш.Т., Казкенова С., Алиайдар Г. COVID-19 коронавирустық инфекциясының пандемиясы кезіндегі артериялық гипертензия ағымы мен семіздіктің ерекшеліктері (Әдеби шолу) // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. 1 (Т.26). Б.156-167. doi 10.34689/SH. 2024.26.1.020

Akhmetzhanova Sh.K., Baidurin S.A., Zhukusheva Sh.T., Kazkenova S., Aliaidar G. Features of the sickness behavior of arterial hypertension and obesity during the pandemic of COVID-19 coronavirus. Review // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2024, (Vol.26) 1, pp. 156-167. doi 10.34689/SH.2024.26.1.020

Ахметжанова Ш.К., Байдурин С.А., Жукушева Ш.Т., Казкенова С., Алиайдар Г. Особенности течения артериальной гипертензии и ожирения в период пандемии коронавирусной инфекции COVID-19 (Обзор литературы) // Наука и Здравоохранение. 2024. 1(Т.26). С. 156-167. doi 10.34689/SH.2024.26.1.020

Жүктеулер

Жарияланды

2025-11-17

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 182

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.