SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕРІНІҢӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДІ ПРОБЛЕМАЛЫ ПАЙДАЛАНУЫЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘЛ-АУҚАТЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/ztdhw508

Кілт сөздер:

әлеуметтік желілерді проблемалы пайдалану, психикалық денсаулық, депрессия, жасөспірімдер, HBSC, психологиялық әл-ауқат

Аңдатпа

Кіріспе. Өскелең ұрпақтың психикалық әл-ауқаты аспектілері күрделі мәселе болып табылады. Психикалық
денсаулықты болжаушылардың талдауы тиімді профилактикалық жұмыстың құнды құралы болып табылады.
Ғаламдық тенденциялар, интернет технологиялардың кең таралуы балалар мен жасөспірімдердің виртуалды
кеңістікке белсенді қатысуына әкеледі. Алайда бақылаусыз қарым-қатынас, әсіресе интернет-мессенджерлер мен
әлеуметтік желілер арқылы байланыс олардың денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіреді.
Зерттеу мақсаты. Әлеуметтік желілерді проблемалы қолданудың жасөспірімдердің психикалық денсаулығына
кері әсерін зерттеу.
Әдістері. Обсервациялық, аналитикалық, көлденең зерттеу. Деректер халықаралық хаттамаға сәйкес
Қазақстандағы "Мектеп жасындағы балалардың денсаулыққа қатысты мінез-құлқы" (Health Behaviour in Schoolaged Children, HBSC-2018, 2022 жж.) зерттеуінің екі раунды барысында алынды. Қалалық және ауылдық
жасөспірімдердің денсаулығындағы жағымсыз салдардың дамуына әлеуметтік желілерді проблемалы
пайдаланудың ықтимал әсерін бағалау мақсатында статистикалық талдаудың көп өлшемді әдісі екілік
логистикалық регрессия қолданылды.
Нәтижелері. 2018 жылғы зерттеу нәтижелері бойынша сауалнамаға қатысқан жасөспірімдердің 6,9%-ынан
әлеуметтік желілерді проблемалы пайдалану белгілері анықталды. 2022 жылы жасөспірімдер арасында әлеуметтік
желілерді проблемалы пайдаланудың таралуы шамамен 2 есе өсіп, 12,7%-ға жетті. Соңғы зерттеу қалалық
балалар арасында проблемалы пайдаланушылар санының 14,4%-ға дейін айтарлықтай өскенін анықтады (10,2%-ы
ауылдық аудандарда, p<0,001, χ² = 26,9).
Зерттеу әлеуметтік желілерді проблемалы пайдаланушылар арасында депрессияның даму мүмкіндігінің едәуір
артқанын анықтады: қалалық оқушылар арасында OR - 2,69; 95% ДИ 1,82-3,97; ауылдық оқушылар арасында OR -
2,42; 95% ДИ 1,61-3,63. Әлеуметтік желілерді проблемалы пайдалану мен жасөспірімдердің қатты мазасыздығы
(қалада OR - 2,85; 95% ДИ 2,26-3,59; ауылда OR - 2,70; 95% ДИ 1,96-3,71) және стресске төзімділік деңгейінің
төмендігі (қалада OR - 2,76; 95% ДИ 1,79-4,26; ауылда OR - 1,56; 95% ДИ 0,77-3,16) арасында жоғары статистикалық
маңызды байланыс табылды.
Тұжырым. Әлеуметтік желілерді пайдалану қарқындылығының жоғары болуына жасөспірімдердің психикалық
денсаулығының нашарлауы байланысты. Зерттеу жасөспірімдердің әлеуметтік желілерді проблемалы
пайдалануының таралу деңгейінің жоғарылауына және оның денсаулыққа теріс әсеріне жауап ретінде әрекет ету
қажеттілігін көрсетеді. 

Автор өмірбаяны

  • Асел Адаева

    Главный специалист Национального центра общественного здравоохранения
    Министерства здравоохранения Республики Казахстан г. Астана, Республика Казахстан. Докторант Ph.D по
    специальности «Общественное здравоохранение», Казахстанский медицинский университет «Высшая школа
    общественного здравоохранения», г. Алматы, Республика Казахстан.
    Почтовый адрес: 010000, Республика Казахстан, город Астана, ул. Ауэзова 8, БЦ «Азия» 8 этаж.
    e-mail: adai-taji@mail.ru
    Телефон: +7 (707) 822-71-99

Әдебиеттер тізімі

Адаева А.А., Слажнева Т.И., Абдрахманова Ш.З., Каусова Г.К., Калмакова Ж.А. Проблемное использование социальных сетей и психологическое благополучие городских и сельских подростков Казахстана // Наука и Здравоохранение. 2023. 6(Т.25). С. 140-151. doi 10.34689/SH.2023.25.6.017

Adayeva A.A., Slazhnyova T.I., Abdrakhmanova Sh.Z., Kausova G.K., Kalmakova Zh.A. Problematic social media use and mental being of urban and rural adolescents in Kazakhstan // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2023, (Vol.25) 6, pp. 140-151. doi 10.34689/SH.2023.25.6.017

Адаева А.А., Слажнева Т.И., Абдрахманова Ш.З., Каусова Г.К., Калмакова Ж.А. Қазақстанның қалалық және ауылдық жасөспірімдерінің әлеуметтік желілерді проблемалы пайдалануы және психологиялық әл-ауқаты // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 6 (Т.25). Б. 140-151. doi 10.34689/SH.2023.25.6.017

Жүктеулер

Жарияланды

2025-11-18

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 141

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.