АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТЕНЗИЯ КЕЗІНДЕ АУРУДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
DOI:
https://doi.org/10.34689/gm0pz278Кілт сөздер:
артериялық гипертензия, ауруларды басқару бағдарламасы, амбулаторлық көмек, өлім-жітімАңдатпа
Кіріспе. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде 1,5 миллиардтан астам ересек адам жоғары қан қысымынан зардап шегеді, олардың шамамен үштен екісі табысы төмен және орташа елдерде тұрады. Қазақстанда артериялық гипертензия ересектердің шамамен 25–30%-ын қамтиды, бұл әлемдік орташа көрсеткішке сәйкес келеді. Алайда, Қазақстанда жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім Еуропалық Одақпен және АҚШ-пен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Зерттеу мақсаты. Қазақстандағы артериялық гипертензиямен ауыратын науқастар үшін ауруларды басқару бағдарламасының тиімділігін бағалау және басқа елдермен салыстырмалы талдау жүргізу. Зерттеу стратегиясы. 2013–2025 жылдар аралығындағы Қазақстанның мемлекеттік денсаулық сақтау статистикалық жинақтарының деректері және отандық пен шетелдік авторлардың жарияланымдары талданды. Әдебиеттерді іздеу PubMed, Google Scholar, Scopus, Web of Science және e-Library дерекқорларында жүргізілді. Шолуға бастапқы зерттеулер (сипаттамалық және аналитикалық), қайталама зерттеулер (Мета-анализдер және жүйелі шолулар), клиникалық ұсыныстар, сондай-ақ соңғы 20 жылда ауруды басқару бағдарламасы бойынша жарияланған орыс және ағылшын тілдеріндегі толық мәтінді басылымдар кіреді. Нәтижелер. Қазақстанда 2019 жылдың соңында қан қысымының мақсатты деңгейіне (140/90 мм рт. ст.) жеткен науқастардың үлесі 62,7%-ға дейін өсті. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен байланысты ауруханаға жатқызу 14,5%-ға төмендеді. Ауруды басқару бағдарламасын енгізу жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітімді іске асырылған бірінші жылдың өзінде 6%-ға төмендетуге мүмкіндік берді. Дегенмен, әлі де төмен қан қысымын бақылау деңгейі, алдын-алу бағдарламалардың шектеулілігі және ауылдық өңірлерде медициналық көмектің қолжетімсіздігі сияқты мәселелер сақталады. Қорытынды. Дамыған елдер деңгейіне жету үшін келесі шараларды жүзеге асыру қажет: артериялық гипертензияның алдын алу және емдеу бойынша кешенді бағдарламаны әзірлеу; пациенттердің емделуге деген ұстанымын арттыру; телемедицинаны енгізу және клиникалық тәсілдерді біріктіру; науқастар мен медицина қызметкерлері арасындағы өзара әрекеттестікті күшейту.
Әдебиеттер тізімі
Маркабаева А.М., Керимкулова А.С., Нурпейсова Р.Г., Зекенова Е.М., Умбетжанова А.Т., Кубекова С.Ж., Алдабекова Г.У. Программа управления заболеванием при артериальной гипертензии // Наука и Здравоохранение. 2025. Vol.27 (1), С.219-231. doi 10.34689/SH.2024.27.1.025
Markabayeva A.M., Kerimkulova A.S., Nurpeissova R.G., Zekenova Ye.M., Umbetzhanova A.T., Kubekova S.Zh., Aldabekova G.U. Hypertension disease management programs // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (1), pp. 219-231.doi 10.34689/SH.2024.27.1.025
Маркабаева А.М., Керимкулова А.С., Нурпейсова Р.Г., Зекенова Е.М., Умбетжанова А.Т., Кубекова С.Ж., Алдабекова Г.У. Артериялық гипертензия кезінде ауруды басқару бағдарламасы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2025. Vol.27 (1), Б. 219-231. doi 10.34689/SH.2024.27.1.025
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.