SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТІСПЕУШІЛІГІНІҢ ДАМУЫНДАҒЫ ІШЕК МИКРОБИОТАСЫ ДИНАМИКАСЫНЫҢ МӘНІ: ЗАМАНАУИ ЗЕРТТЕУЛЕР ШОЛУЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/j4hrz590

Кілт сөздер:

кардиология, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, ішек микробиомасы, ТМАО, ҚТМҚ, жүйелік қабыну реакциясы

Аңдатпа

Кіріспе. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (СЖЖ) – жоғары өлім-жітім көрсеткіштерімен сипатталатын жаһандық 
денсаулық сақтау мәселесі. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда халықтың 4,7%-ы СЖЖ-мен 
ауырады, бұл шамамен 320 мың адамды құрайды. АҚШ-та 6,7 миллион адам осы дертке шалдыққан, ал 2030 
жылға қарай бұл көрсеткіш 8,5 миллионға жетеді деп болжануда. Заманауи емдеу әдістерінің жетістіктеріне 
қарамастан, ауруханаға жатқызу және өлім-жітім деңгейі әлі де жоғары. Соңғы зерттеулер ішек микробиотасының 
жүйелік қабыну, жүрек-қан тамырлары ауруларының маңызды факторына айналған рөлін атап өтуде. Ішек 
микробиотасын зерттеу СЖЖ патогенезін түсіну мен жаңа емдеу әдістерін іздеуде жаңа бағыт ұсынады.
Мақсаты. Ішек микробиотасының созылмалы жүрек жеткіліксіздігі дамуындағы рөлін зерттеп, пациенттердің 
клиникалық жағдайын жақсартудың жаңа әдістерін қарастыру. 
Іздестіру стратегиясы. PubMed, Medline, Cochrane орталық бақыланатын сынақтар тізілімі, Web of Science, 
Scopus, https://elibrary.ru және Google Scholar ресурстары арқылы соңғы 10 жыл аралығындағы әдебиеттерге шолу 
жасалды. Орыс және ағылшын тілдерінде рецензияланған мақалалар арнайы іріктеу және шығару критерийлері 
негізінде қаралды. 
Нәтижелер. Ішек тосқауылының бұзылуы эндотоксиндер мен микробтық метаболиттердің жүйелік қан 
айналымына енуіне, нәтижесінде жүйелік қабынуға және эндотелий дисфункциясына әкеледі, бұл СЖЖ-ны 
нашарлатады. Ішектегі гипоперфузия мен өткізгіштіктің жоғарылауы аурудың асқынуына қосымша әсер етеді. 
Микробтық метаболиттер, мысалы, триметиламин-N-оксид (ТМАО) және қысқа тізбекті май қышқылдары (ҚТМҚ), 
жүйелік қабынуға әсер етеді. ТМАО деңгейінің жоғарылауы жүрек-қан тамырлары оқиғаларымен байланысты, ал 
ҚТМҚ қорғаныс қасиеттерге ие, бірақ СЖЖ пациенттерінде төмен деңгейде анықталған. СЖЖ пациенттерінде ішек 
дисбиозы жиі кездеседі, пайдалы бактериялардың азаюымен және патогендік түрлердің көбеюімен сипатталады. 
Бұл өзгерістер жүйелік қабынумен және аурудың ауырлығымен байланысты. 
Қорытынды. Ішек микробиотасы жүйелік қабыну және метаболикалық жолдар арқылы СЖЖ патогенезіне 
айтарлықтай әсер етеді. Ішек микробиотасын модуляциялау диеталық түзетулер, пробиотиктер, пребиотиктер және 
нәжіс микробиотасын трансплантациялау сияқты перспективалы емдеу әдістерін ұсынады. Бұл бағыт бойынша 
қосымша зерттеулер жүргізу қажет, сонымен қатар ішек-жүрек осінің СЖЖ және қатар жүретін аурулардың 
дамуына ықпалын зерттеу маңызды.

Автор өмірбаяндары

  • Махаббат Бекбосынова

    Deputy Chairperson of the Board, Corporate Fund "University Medical Center," Astana, Kazakhstan. E
    mail: m.bekbosynova@umc.org.kz. ORCID ID: https://orcid.org/0000-0003-2834-617X, Tel.: +7(701) 500-77-07 

  • Салтанат Джетыбаева

    Cardiologist, Corporate Fund "University Medical Center," Astana, Kazakhstan. E-mail: 
    s.jetybayeva@umc.org.kz. ORCID ID: https://orcid.org/0000-0003-3442-3223, Tel.: +7(701) 965-92-65.

  • Бауржан Аипов

    Cardiology Resident, Corporate Fund "University Medical Center," Astana, Kazakhstan. E-mail: 
    b.aipov@umc.org.kz. ORCID ID: https://orcid.org/0000-0003-2124-0065, Tel.: +7(708) 387-84-18.

  • Касиет Нурлан

    Cardiology Resident, Corporate Fund "University Medical Center," Astana, Kazakhstan. E-mail: 
    kasiet.nurlan@umc.org.kz. ORCID ID: https://orcid.org/0000-0007-7389-2811, Tel.: +7(708) 170-70-15.

  • Алия Сайлыбаева

    Director of the Science Department, Corporate Fund "University Medical Center," Astana, Kazakhstan. E
    mail: s.aliya@umc.org.kz. ORCID ID: https://orcid.org/0000-0002-1489-3837, Tel.: +7(701) 795-17-76.

  • Айнур Тауекелова

    Cardiologist, Corporate Fund "University Medical Center," Astana, Kazakhstan. E-mail: 
    a.tauekelova@umc.org.kz. ORCID ID: https://orcid.org/0000-0002-4237-9835, Tel.: +7(701) 385-78-81.

  • Исламбек Лаисканов

    Cardiologist, Corporate Fund "University Medical Center," Astana, Kazakhstan. E-mail: 
    i.laiskanov@umc.org.kz. ORCID ID: https://orcid.org/0009-0001-6406-3209, Tel.: +7(702) 234-57-97. 

  • Жумажан Алданыш

    Cardiology Resident, Corporate Fund "University Medical Center," Astana, Kazakhstan. E-mail: 
    zhumazhan_aldany@mail.ru. ORCID ID: https://orcid.org/0009-0000-9451-3867, Tel.: +7(701) 151-03-75.

  • Алмагуль Кушугулова

    Lead Researcher, Center for Life Sciences, National Laboratory Astana, Nazarbayev University, 
    Astana, Kazakhstan. E-mail: akushugulova@nu.edu.kz. ORCID ID: https://orcid.org/0000-0001-9479-0899, Tel.: +7(777) 772-78-13.

Әдебиеттер тізімі

Bekbosynova M.S., Jetybaeva S.K., Aipov B.R., Nurlan K.R., Sailybaeva A.I., Taukelova A.T., Laiskanov I.A., Aldanysh Zh.Zh., Kushugulova A.R. Study of the Gut Microbiota Composition Role in the Context of Chronic Heart Failure Development: Review of Current Data // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2024. Vol.26 (6), pp. 122-131. doi 10.34689/SH.2024.26.6.015

Бекбосынова М.С., Джетыбаева С.К., Аипов Б.Р., Нурлан К.Р., Сайлыбаева А.И., Тауекелова А.Т., Лаисканов И.А., Алданыш Ж.Ж., Кушугулова А.Р. Исследование роли состава микробиоты кишечника в контексте развития хронической сердечной недостаточности: обзор современных данных // Наука и Здравоохранение. 2024. Т.26 (6). С. 122-131. doi 10.34689/SH.2024.26.6.015

Бекбосынова М.С., Джетыбаева С.К., Аипов Б.Р., Нурлан К.Р., Сайлыбаева А.И., Тауекелова А.Т., Лаисканов И.А., Алданыш Ж.Ж., Кушугулова А.Р. Созылмалы жүрек жетіспеушілігінің дамуындағы ішек микробиотасы динамикасының мәні: заманауи зерттеулер шолуы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (6). Б. 122-131. doi 10.34689/SH.2024.26.6.015

Жүктеулер

Жарияланды

2025-11-10

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 126

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.