SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

МЕТАБОЛИКАЛЫҚ СИНДРОММЕН ҚОСАРЛАНҒАН БРОНХ ДЕМІКПЕСІНІҢ КЛИНИКАЛЫҚ-ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/t0xd9984

Кілт сөздер:

Бронх демікпесі, Метаболикалық синдром, Спирометрия, Семіздік

Аңдатпа

Кіріспе: Бронх демікпесі – тыныс алу жолдарының кең таралған созылмалы инфекциялық емес ауруы. Клиникалық фенотиптерінің бірі оның метаболикалық синдроммен (МС) қосарлана кездесуі. Синтропияның бұл түрі аурудың неғұрлым ауыр ағымда өтуіне және қолайсыз болжамына әкеледі, көбінесе ауыр және бақылауға бағынбайтын демікпенің дамуына себепші. Зерттеудің мақсаты: МС қосарланған ауыр ағымдағы демікпемен ауыратын науқастардың клиникалық фенотипін зерттеу. Зерттеу әдістері және материалдары: Зерттеуге МС-мен қосарланған ауыр ағымдағы және нашар бақылауға бағынбайтын бронх демікпесі бар 200 науқас қатысты. Зерттеуге енгізілген науқастар: диагнозы халықаралық GINA хаттамасына сәйкес келетін ауыр және бақылауға бағынбайтын бронх демікпесі бар, жасы 18-ден жоғары науқастар. Зерттеуге енгізілмеген науқастар: темекі шегу, созылмалы обструктивті өкпе аурулары, белсенді жұқпалы аурулары, соның ішінде тыныс алу жүйесінің инфекциялары, қатерлі ісік, жүктілігі бар науқастар. Пульмонология бөлімшесіне госпитализациялау кезінде барлық науқастар клиникалық, зертханалық және аспаптық зерттеулерден өтті (кеуде қуысының рентгенографиясы және көрсетілген жағдайда өкпенің мультиспиральды компьютерлік томографиясы, спирометрия). Зерттеудің нәтижесі: Зерттеуге 112 (56%) науқас, негізгі топқа (МС қосарланған), ал 88 (44%) науқас бақылау тобына (MС жоқ) қосылды. Барлық науқастарда астма бақылауға бағынбайтын, ал МС бар науқастарда (негізгі топ) демікпе бақылауы азадап бақыланатын түрі (АСТтест сынамасы 11бал)болды, айырмашылықтар айтарлықтай болды (p <0,001). Спирометрия мәліметтері бойынша негізгі топта FVC және FEV1 деңгейінің төмен екендігі анықталды. Сондай-ақ, гиперэозинофилияның болуы бронходилатационды сынамадан (OR 0,988) кейін FEV1 (OR 0,82) және PEF төмендеуімен байланысты екені анықталды. Қорытынды: FEV1, FVC төмендеуімен және FEV1 және FVC арақатынасымен анықталған МС-мен синтропиядағы ауыр демікпесі бар емделушілерде зерттеуде анықталған өкпе функциясының өзгерістері осы БА фенотипін емдеу кезінде ескерілуі керек. ДСИ қалыпқа келтіруде барлық фармакологиялық нұсқаларды қолдануға негізделген интеграцияланған тәсіл өкпе функциясын жақсартады, осылайша демікпе симптомдарын бақылау дәрежесін арттырады.

Автор өмірбаяндары

  • Сауле Маймышева

    Ассистент кафедры терапии НАО «Медицинский университет Семей», г. Семей, Республика Казахстан, +7 775 394 49 46, maimysheva@mail.ru, https://orcid.org/0000-0002-8010-1519.

  • Людмила Каражанова

    Профессор, д.м.н., кафедра терапии НАО «Медицинский университет Семей», г. Семей, Республика Казахстан, +7 701 355 99 76, kar_ludmila@bk.ru, https://orcid.org/0000-0001-6664-3293. Scopus ID: 6602621449

  • Андрей Орехов

    PhD, ассистент кафедры терапии НАО «Медицинский университет Семей», г. Семей, Республика Казахстан, +7 777 414 14 76, orekhov-andrei@list.ru. https://orcid.org/0000-0001-7201-1399. Scopus ID: 57212494053

  • Асель Чиныбаева

    PhD, доцент кафедры кардиологии НАО «Медицинский университет Астана», г. Астана, Республика Казахстан, +7 778 888 87 93, Chena@bk.ru, https://orcid.org/0000-0002-2018-6186. Scopus ID: 58404587500

  • Болат Аширов

    К.м.н., доцент кафедры терапии и кардиологии АО «Южно-Казахстанская медицинская академия», г. Шымкент, Республика Казахстан, bolat.baja@mail.ru, https://orcid.org/0000-0003-0242-9700

  • Гульяш Танышева

    К.м.н., заведующая кафедрой акушерства и гинекологии НАО «Медицинский университет Семей», г. Семей, Республика Казахстан, + 7 777 153 53 57 https://orcid.org/0000-0001-9531-5950

Әдебиеттер тізімі

Маймышева С.Ю., Каражанова Л.К., Орехов А.Ю., Чиныбаева А.А., Аширов Б.А., Танышева Г.А. Клиникофункциональные особенности бронхиальной астмы в сочетании с метаболическим синдромом // Наука и Здравоохранение. 2024. Т.26 (4). С. 99-107. doi 10.34689/SH.2024.26.4.013

Maimysheva S.Yu., Karazhanova L.K., Orekhov A.Yu., Chinybayeva A.A., Ashirov B.А., Tanysheva G.A., Clinical and functional features of asthma in combination with metabolic syndrome // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2024. Vol.26 (4), pp. 99-107. doi 10.34689/SH.2024.26.4.013

Маймышева С.Ю., Каражанова Л.К., Орехов А.Ю., Чиныбаева А.А., Аширов Б.А., Танышева Г.А. Метаболикалы синдроммен қосарланған бронх демікпесінің клиникалық-функционалдық ерекшеліктері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (4). Б. 99-107. doi 10.34689/SH.2024.26.4.013

Жүктеулер

Жарияланды

2025-11-10

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 > >> 

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 59

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.