SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

МЕТАБОЛИЗМДІК СИНДРОМЫ БАР АДАМДАРДА NPY ЖӘНЕ FTO ГЕНДЕР ПОЛИМОРФИЗМДЕРІН ЗЕРТТЕУ: ӘДЕБИ ШОЛУ

Авторлар

  • Дильбар Айдарбекова Автор
  • Гульназ Нускабаева Автор
  • Карлыгаш Садыкова Автор
  • Нұрсұлтан Нұрдинов Автор
  • Мария Анартаева Автор
  • Гульзат Сарсенбаева Автор
  • Канатжан Кемельбеков Автор
  • Айзат Сейдахметова Автор

DOI:

https://doi.org/10.34689/31q9d865

Кілт сөздер:

метаболизмдік синдром, дене салмағының индексі, абдоминалды семіздік, гендер полиморфизмі, нейропептид Y rs16147, FTO rs9939609

Аңдатпа

Кіріспе. Кешенді генетикалық зерттеу жүргізу метаболизмдік синдромның генетикалық предикторларының тұтас 
бейнесін қалыптастыруға мүмкіндік береді, бұл қазіргі заманғы денсаулық сақтаудың басым бағыты - адам 
ағзасының адекватты генетикалық маркерлерін анықтауға негізделген дербестендірілген медицина болғандықтан 
маңызды болып саналады, бұл өз кезегінде аталған зерттеудің өзектілігін анықтайды. 
Зерттеу мақсаты: Метаболизмдік синдромы бар пациенттерде Нейропептид Y және FTO (fat mass and obesity 
associated) гендерінің полиморфизмі мәселесі бойынша әдебиеттерге шолу жасау. 
Іздеу стратегиясы: Әдебиеттерді шолу барысында 2018 жылдан 2024 жылға дейін жарияланған PubMed, 
Medline, Google Scholar, Embase, Web of Science ғылыми дерекқорларынан 63 мақала талданды. Шолу жасау үшін 
кілт сөздер қолданылды: "метаболизмдік синдром", "NPY-дегі rs16147 генінің полиморфизмі (нейропептид Y)", "FTO 
rs9939609 генінің полиморфизмі".  
Нәтижелер: Зерттеулер барысында ғалымдармен NPY rs16147 генінің полиморфизмі дене салмағымен, 
инсулинге төзімділікпен, қан сарысуындағы адипокин деңгейімен,  глюкоза мен липидтер алмасуы, метаболизмдік 
синдром даму қаупімен және қан қысымы көрсеткіштері мен семіздік байланысты болатынын дәлелдеді. Ғылыми 
зерттеулер нәтижелері FTO генінің rs9939609 полиморфизмі семіздік және метаболизмдік синдром дамуының 
маңызды генетикалық предикторы екенін көрсетті.  
Қорытынды: Жүргізілген әдебиеттерге шолуда FTO генінің rs9939609 полиморфизмі метаболизмдік синдром 
және оның компоненттерімен байланысы қытай, вьетнам, бразилия, иран, мексика және поляк популяцияларында 
анықталды. Алайда, зерттелетін полиморфизм мен метаболизмдік синдром арасындағы байланысты анықтамаған 
зерттеу нәтижелері бар, бұл деректердің сәйкессіздігін және қазақ популяциясындағы ұқсас зерттеулердің 
қажеттілігін көрсетеді. Қазақстанда семіздікпен және 2 типті қант диабетімен FTO генінің rs9939609 
полиморфизмінің тәуелділігі зерттелген. Rs16147 NPY генінің полиморфизмі әлемде жеткілікті зерттелгеніне, 
метаболизмдік синдром және оның компоненттерімен байланысы көрсетілгеніне қарамастан, Қазақстанда 
жүргізілген ұқсас зерттеулердің нәтижелері бізге қолжетімді әдебиеттерде табылған жоқ. Осылайша, әдебиет 
деректерін талдау метаболизмдік синдромның генетикалық болжаушыларының тұтас көрінісін қалыптастыру үшін 
кешенді генетикалық зерттеудің қажеттілігін растайды.

Автор өмірбаяндары

  • Дильбар Айдарбекова

    Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, 
    «Арнайы клиникалық пәндер» кафедрасының магистр, аға оқытушысы; ORCID - 0009-0008-6845-032X 
    Почталық адрес: Түркістан облысы, Туркестан қ, Шымкент тас жолы көшесі, Каскад 10/3-9,  
    Е-mail: dilbar.aidarbekova@ayu.edu.kz

  • Гульназ Нускабаева

    Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, «Арнайы 
    клиникалық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., қауымдастырылған профессор; эл. почта: 
    nuskabayeva.gulnaz@ayu.edu.kz; тел.: +77052853131; ORCID - 0000-0002-2906-1427

  • Карлыгаш Садыкова

    Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, 
    «Арнайы клиникалық пәндер» кафедрасының PhD, аға оқытушысы; эл. почта: karlygash.sadykova@ayu.edu.kz; тел.: 
    +77077316476; ORCID - 0000-0002-9120-8565

  • Нұрсұлтан Нұрдинов

    Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, 
    «Арнайы клиникалық пәндер» кафедрасының PhD, аға оқытушысы; эл. почта: nursultan.nurdinov@ayu.edu.kz; тел.: 
    +77053787891; ORCID - 0000-0001-5341-7211

  • Мария Анартаева

    «Оңтүстік Қазақстан медицина ақадемиясы» АҚ, Оқу-әдістемелік жұмыс 
    жөніндегі проректор, медицина ғылымдарының докторы, доцент; эл. почта: mariya_anartayev@mail.ru; тел.: 
    +77013794841; ORCID - 0000-0003-1087-6578

  • Гульзат Сарсенбаева

    «Оңтүстік Қазақстан медицина ақадемиясы» АҚ, «Әлеуметтік медициналық 
    сақтандыру және қоғамдық денсаулық» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., қауымдастырылған профессор; эл. 
    почта: gulsat.1969@mail.ru; тел.: +77017496288; ORCID - 0000-0002-1518-6528

  • Канатжан Кемельбеков

    «Оңтүстік Қазақстан медицина ақадемиясы» АҚ, «Педиатрия-1» 
    кафедрасының меңгерушісі, PhD; эл. почта: kanat-270184@mail.ru; тел.: +77085334300; ORCID - 0009-0008-1619
    6278

  • Айзат Сейдахметова

    «Оңтүстік Қазақстан медицина ақадемиясы» АҚ, «Шұғыл медицина және 
    мейіргер ісі» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к.; эл. почта: aizat-seidahmetova@mail.ru; тел.: +77017671448; ORCID - 0000-0002-5794-3814

Әдебиеттер тізімі

Айдарбекова Д.Н., Нускабаева Г.О., Садыкова К.Ж., Нұрдинов Н.С., Анартаева М.У., Сарсенбаева Г.Ж., Кемельбеков К.С., Сейдахметова А.А. Метаболизмдік синдромы бар адамдарда NPY және FTO гендер полиморфизмдерін зерттеу: әдеби шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (6). Б. 184-195. doi 10.34689/SH.2024.26.6.021

Aidarbekova D.N., Nuskabayeva G.O., Sadykova K.Zh., Nurdinov N.S., Anartayeva M.U., Sarsenbayeva G.Zh., Kemelbekov K.S., Seidakhmetova A.A. Investigation of NPY and FTO gene polymorphism in individuals with metabolic syndrome: literature review // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2024. Vol.26 (6), pp. 184-195. doi 10.34689/SH.2024.26.6.021

Айдарбекова Д.Н., Нускабаева Г.О., Садыкова К.Ж., Нұрдинов Н.С., Анартаева М.У., Сарсенбаева Г.Ж., Кемельбеков К.С., Сейдахметова А.А. Исследование полиморфизма генов NPY и FTO у лиц с метаболическим синдромом: обзор литературы // Наука и Здравоохранение. 2024. Т.26 (6). С. 184-195. doi 10.34689/SH.2024.26.6.021

Жүктеулер

Жарияланды

2025-11-12

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 78

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.