ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ВИРУСТЫ ГЕПАТИТТЕР:АЙМАҚТЫҚ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ШОЛ
DOI:
https://doi.org/10.34689/6ds8t853Кілт сөздер:
эпидемиология, жедел вирусты гепатит, созылмалы вирусты гепатит, Қазақстан, ШымкентАңдатпа
Кіріспе. Вирусты гепатиттер әлем бойынша қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелердің бірі
болып қалуда. Қазақстан да, басқа көптеген елдер сияқты, А, В және С вирусты гепатиттерінің жедел және
созылмалы түрлерімен байланысты түрлі эпидемиологиялық қиындықтарға тап болуда.
Мақсаты: Қазақстандағы вирусты гепатиттер бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау, 2000–2023
жылдар аралығындағы сырқаттанушылық динамикасын талдау, ең осал аймақтарды анықтау және Шымкент
қаласына ерекше назар аудару.
Құралдар мен әдістер: Зерттеу ретроспективті сипатта жүргізілді. 2000, 2011 және 2023 жылдардағы Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми статистикалық деректері пайдаланылды. Шымкент қаласы
бойынша 2018–2024 жылдарға арналған мәліметтер қарастырылды. Сипаттамалық және аналитикалық әдістер
қолданылып, қарқындылық көрсеткіштері, орташа мәндер, сенімділік интервалдары және өсу қарқыны есептелді.
Нәтижелер. Қазақстанда вирусты гепатиттермен сырқаттанушылықтың жалпы деңгейі 2000 жылы 100 мың
тұрғынға шаққанда 185,6-дан 2023 жылы 10,23-ке дейін төмендеді. Ең айқын төмендеу Түркістан, Маңғыстау және
Қызылорда облыстарында байқалды. Алайда соңғы жылдары А гепатиті мен В және С гепатиттерінің созылмалы
түрлерінің сырқаттанушылығы қайтадан өсіп келе жатқан үрдіс байқалуда. 2024 жылы Шымкент қаласында жедел
А гепатитінің күрт өсуі тіркелді. Созылмалы түрлердің ішінде С гепатиті басымдыққа ие.
Қорытындылар. Вирусты гепатиттермен күресте қол жеткізілген табыстарға қарамастан,
сырқаттанушылықтың қайта өсу қаупі сақталуда. Тұрақты эпидемиологиялық бақылау үшін ересек тұрғындарды
вакцинациялауды кеңейту, емдеудің қолжетімділігін арттыру және ақпараттық-ағартушылық жұмыстарды күшейту
қажет
Әдебиеттер тізімі
Kulmirzayeva D.M., Beisembayeva Z.I., Utepov P.D. Viral hepatitis in Kazakhstan: regional epidemiological overview // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (2), pp. 7-14. doi 10.34689/SH.2025.27.2.001
Кульмирзаева Д.М., Бейсембаева З.И., Утепов П.Д. Вирусные гепатиты в Казахстане: региональный эпидемиологический обзор // Наука и Здравоохранение. 2025. Vol.27 (2), С.7 14. doi 10.34689/SH.2025.27.2.002
Кульмирзаева Д.М., Бейсембаева З.И., Утепов П.Д. Қазақстандағы вирусты гепатиттер: аймақтық эпидемиологиялық шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2025. Vol.27 (2), Б. 7-14. doi 10.34689/SH.2025.27.2.002
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.