SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

БАЛАЛАРДАҒЫ ЛЕГГ-КАЛЬВЕ-ПЕРТЕС АУРУЫНЫҢ ХИРУРГИЯЛЫҚ ЕМІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/5x3hcq61

Кілт сөздер:

Легг-Кальве-Пертес ауруы, аппараттық жеңілдету, эпифизарлық индекс, Modified Harris

Аңдатпа

Кіріспе. Легг-Кальве-Пертес ауруы — бұл жамбас сүйегінің басының эпифизінің идиопатиялық асептикалық аваскулярлық остеонекрозы. Диагноз негізінен 4-тен 12 дейінгі жаста, көбінесе 6 жаста қойылады. Аурудың ағымы мен болжамы баланың жасына, жамбас сүйегі басының эпифизінің зақымданған аймағына және эпифиздің бүйір бағанының биіктігінің бұзылу деңгейіне байланысты. Материалдар мен әдістер. Зерттеу дизайны проспективті бақыланатын клиникалық зерттеу болып табылады. 2018-2022 жылдар аралығында Легг-Кальве-Пертес ауруымен 10 балаға ота жасалды. Жалпы анестезия жағдайында пациентке жамбас буынын рентген бақылауымен аппараттық жеңілдету жүргізілді. Пациенттердің жасы 7-ден 11 жасқа дейін, 9 ұл және 1 қыз болды, барлық жағдайлар біржақты болды. Аппаратта емдеу ұзақтығы 28-ден 39 күнге дейін өзгерді. Аурудың ауырлығын және операция көрсеткіштерін рентген арқылы Salter-Thompson және Catterall классификациялары бойынша анықтады. Нәтижелер. Бақылау кезеңі 6 айдан 4 жылға дейін, орта есеппен 2 жылды құрады. Зерттеуге 10 пациент (9 ұл және 1 қыз) енгізілді. Симптомдардың пайда болған сәтіндегі орташа жас 8,3 жасты (7–11 жас), ал ота жасалған сәттегі орташа жас 9,1 жасты (7–11 жас) құрады. Бес жағдайда оң жақ жамбас буыны, қалған бесеуінде сол жақ жамбас буыны зақымдалды. Зерттеуде екі жақты зақымдалу жағдайлары тіркелген жоқ. Ота кезінде екі пациентте аурудың 2 сатысы, сегіз пациентте 3 сатысы анықталды (20% — 2-саты, 80% — 3-саты). Орташа дистракция кезеңі 14 күн (10-17 күн), ал аппаратты кию ұзақтығы орта есеппен 30,6 күн (28–39 күн) болды. Қорытынды. Жамбас буынын аппараттық жеңілдету қазіргі уақытта Легг-Кальве-Пертес ауруын емдеудің болашағы зор әдісі болып табылады. Бұл әдістің техникасының қарапайымдылығы, асқынулардың минималды жиілігі, қысқа ауруханада болу кезеңі, аяқтың ұзындығын арттыра отырып, қысқаруды түзету сияқты артықшылықтары бар. Жамбас басының қалпына келу уақытын қысқартады және рентгенологиялық түрде эпифиз басының сфералық формасын сақтауды қамтамасыз етеді, бұл жамбас буынының қозғалыс диапазонын жақсартады.

Автор өмірбаяндары

Әдебиеттер тізімі

Tuktiyeva N.A., Dossanov B.A., Zhunussov Ye.T. Abdulvakhabov G.M. Surgical treatment of Legg-Calve-Perthes disease in children // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (3), pp. 135-142. doi 10.34689/SH.2025.27.3.015

Туктиева Н.А., Досанов Б.А., Жунусов Е.Т., Абдулвахабов Г.М. Хирургическое лечение болезни Легг-КальвеПертеса у детей // Наука и Здравоохранение. 2025. Т.27 (3), С. 135-142. doi: 10.34689/SH.2025.27.3.015

Туктиева Н.А., Досанов Б.А., Жунусов Е.Т., Абдулвахабов Г.М. Легг-Кальве-Пертес ауруының хирургиялық емі // Ғылым және Денсаулық. 2025. Т.27 (3), Б. 135-142. doi: 10.34689/SH.2025.27.3.015

Жүктеулер

Жарияланды

2025-11-04

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 163

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.