СЕМЕЙ ӨҢІРІНДЕГІ РАДИАЦИЯЛЫҚ ӘСЕР: ҰРПАҚАРАЛЫҚ ҚАУІПТЕР ЖӘНЕ ДОЗИМЕТРИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕР
DOI:
https://doi.org/10.34689/a9m5h962Кілт сөздер:
Семей ядролық сынақ полигоны, радиация әсері, биодозиметрия, ұрпақаралық әсерлер, денсаулыққа қауіп, радиациялық мутацияларАңдатпа
Кіріспе: Семей ядролық сынақ полигоны (СЯСП) — Кеңес дәуірінде Қазақстан аумағында орналасқан ядролық сынақтардың ауқымды аймағы болып, қоршаған ортаның ұзақ мерзімді ластануына және халықтың денсаулығына әсер ету қаупіне алып келді. Зерттеудің мақсаты: зардап шеккен аймақтардағы радиациялық дозиметрия және денсаулыққа әсері жөніндегі ғылыми зерттеулерді талдайды. Іздеу стратегиясы: Қатысты әдебиеттер PubMed, Scopus және Web of Science дерекқорларында ізделді. Іздеу 2025 жылдың қаңтарына дейін жарияланған еңбектерді қамтыды. Қолданылған негізгі сөздер: «Семей ядролық сынақ полигоны», «радиация әсері», «биодозиметрия», «ұрпаққа берілетін әсерлер», «радиациямен шақырылған мутациялар». Іздеу барысында жарияланған уақыты мен тілі бойынша шектеу қолданылған жоқ. Барлығы 74 мақала табылып, қайталанатындары алынып тасталған соң 70 мақала тақырыбы мен аңдатпасы бойынша сарапталды. Толық мәтінді шолу нәтижесінде 45 мақала қаралып, 39 мақала осы шолуға енгізілді. Нәтижелер: Мақалада радиациялық әсерді бағалауға арналған негізгі биодозиметриялық әдістер — электрондық парамагниттік резонанс (ЭПР), флуоресцентті in situ гибридизациясы (FISH), және гликофорин A (GPA) сынақтары талданады. Зерттеулер мутация жиілігінің жоғарылауы, ықтимал ұрпақаралық әсерлер және онкологиялық аурулар қаупінің артқанын көрсетеді. Ондаған жылдарға созылған зерттеулерге қарамастан, радиацияның ұзақ мерзімді генетикалық және эпигенетикалық әсерлері туралы сұрақтар ашық күйінде қалып отыр. Қорытынды: Бұл шолу радиацияның болашақ ұрпаққа әсерін нақтылау және радиациялық қауіпсіздік стратегияларын жетілдіру үшін заманауи молекулалық әдістермен қосымша зерттеулер жүргізудің өзектілігін көрсетеді.
Әдебиеттер тізімі
Dyussupov A., Chaizhunussova N., Baibussinova A., Massabayeva M., Abenova M., Pivina L., Orekhov A., Smailova Zh., Mukanova D., Lepesbayev M., Kissina R., Akhmadiyeva T., Alibayeva G., Apbassova S., Abdildinova G., Izdenov A., Dosmagambetova R., Shabdarbayeva D. Radiation Exposure in the Semipalatinsk Region: Transgenerational Risks and Dosimetry Approaches // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (3), pp. 165-174. doi 10.34689/SH.2025.27.3.019
Дюсупов А., Чайжунусова Н., Байбусинова А., Масабаева М., Абенова М., Пивина Л., Орехов А., Смаилова Ж., Муканова Д., Лепесбаев М., Кисина Р., Ахмадиева Т., Алибаева Г., Апбасова С., Абдильдинова Г., Изденов А., Досмагамбетова Р., Шабдарбаева Д. Радиационное воздействие в Семипалатинском регионе: трансгенерационные риски и дозиметрические подходы // Наука и Здравоохранение. 2025. Т.27 (3), С. 165-174. doi: 10.34689/SH.2025.27.3.019
Дюсупов А., Чайжунусова Н., Байбусинова А., Масабаева М., Абенова М., Пивина Л., Орехов А., Смаилова Ж., Муканова Д., Лепесбаев М., Кисина Р., Ахмадиева Т., Алибаева Г., Апбасова С., Абдильдинова Г., Изденов А., Досмагамбетова Р., Шабдарбаева Д. Семей өңіріндегі радиациялық әсер: ұрпақаралық қауіптер және дозиметриялық тәсілдер // Ғылым және Денсаулық. 2025. Т.27 (3), Б. 165-174. doi: 10.34689/SH.2025.27.3.019
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.