БҮЙРЕК ДИСФУНКЦИЯСЫ ЖӘНЕ ST СЕГМЕНТІНІҢ ЖОҒАРЫЛАУЫМЕН МИОКАРД ИНФАРКТІСІ БАР ЕМДЕЛУШІЛЕРДЕ KLOTHO САРЫСУ ДЕҢГЕЙІНІҢ КЛИНИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ
DOI:
https://doi.org/10.34689/49van304Кілт сөздер:
Klotho ақуызы, ST сегментінің жоғарылауымен жүретін миокард инфаркт, бүйрек қызметінің бұзылысы, агрегометрия, тромбоциттердің қалдық реактивтілігіАңдатпа
Кіріспе: Бүйрек қызметінің бұзылуы бүгінде жаһандық денсаулық сақтау саласындағы басты мәселелердің бірі ретінде танылып отыр. Эпидемиологиялық зерттеулерге сәйкес, оның жаһандық таралуы 13,4%-ға дейін жетеді. Шеткері коронарлық араласу (ШКА) жүргізілетін науқастар арасында бүйрек қызметі бұзылғандардың үлесі артып келеді. Бұл халықтың қартаюымен және қатар жүретін аурулардың жиі кездесуімен байланысты. Сонымен қатар, созылмалы бүйрек ауруы (СБА) жүрек-қантамыр жүйесінің жағымсыз асқынуларының даму қаупін айтарлықтай арттырады, сондықтан мұндай науқастарды емдеу және бақылау стратегиясын таңдауда ерекше назар қажет. Мақсаты: ST сегментінің жоғарылауымен жүретін миокард инфарктісі және бүйрек қызметінің бұзылысы бар науқастарда Klotho ақуызы мен жүрек-қантамыр ауруларының дәстүрлі қауіп факторлары арасындағы байланысты бағалау. Әдістер мен материалдар: Зерттеу дизайны: көлденең клиникалық зерттеу. Зерттеу 2022–2023 жылдары "Семей медицина университеті" КЕАҚ университеттік госпиталінің кардиохирургия бөлімшесінде жүргізілді. Зерттеу әдістеріне тромбоциттердің қалдық реактивтілігін бағалау және Klotho ақуызының деңгейін анықтау кірді. Зерттеу нәтижелері: Зерттеуге 123 пациент қатыстырылды. Klotho ақуызы деңгейі мен жас арасындағы кері корреляциялық байланыс анықталды (Rho = –0,673; p < 0,001). Сонымен қатар, жылдамдықты шумақтық сүзілу (ЖШС) көрсеткіші мен сарысулық Klotho деңгейі арасында тура корреляциялық байланыс анықталды (Rho = 0,463; p < 0,001). Бұған қоса, біз алғаш рет Klotho деңгейінің жалпы холестерин мөлшерімен (Rho = –0,417; p < 0,001) және Среактивті ақуыз көрсеткіштерімен (Rho = –0,416; p < 0,01) арасындағы корреляцияны көрсеттік. Қорытынды: СКФ деңгейі 60 мл/мин/1,73 м²-ден төмен болған жағдайда ST сегментінің жоғарылауымен жүретін миокард инфаркті бар науқастарда морфогенетикалық Klotho ақуызының деңгейін зерттеу орынды. Бұл ақуыз бүйрек функциясының ерте және тәуелсіз маркері болып табылады, сондай-ақ ST сегментінің жоғарылауымен жүретін миокард инфарктісі кезіндегі жүрек-қантамырлық асқынулардың болжамдық көрсеткіші ретінде қарастырылады.
Әдебиеттер тізімі
Zhunuspekova A.S., Karazhanova L.K., Mansurova J.A., Orekhov A.Y., Akkaliyev M..N., Kozhabayeva A.D, Kapakova М.A, Satieva G.S., Ashirov B.A. Clinical Significance of Serum Klotho Levels in Patients with STEMI and Renal Dysfunction // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (2), pp. 62-69. doi 10.34689/SH.2025.27.2.008
Жунуспекова А.С., Каражанова Л.К., Мансурова Д.А., Орехов А.Ю., Аккалиев М.Н., Қожабаева А.Д., Капакова М.А., Сатиева Г.С., Аширов Б.А. Клиническое значение сывороточного уровня Klotho у пациентов с инфарктом миокарда с подъемом сегмента ST и почечной дисфункцией // Наука и Здравоохранение. [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (2), pp. 62-69. doi 10.34689/SH.2025.27.2.008
Жунуспекова А.С., Каражанова Л.К., Мансурова Д.А., Орехов А.Ю., Аккалиев М.Н., Қожабаева А.Д., Капакова М.А., Сатиева Г.С., Аширов Б.А. Бүйрек дисфункциясы және ST сегментінің жоғарылауымен миокард инфарктісі бар емделушілерде kKotho сарысу деңгейінің клиникалық маңызы // Ғылым және Денсаулық [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (2), pp. 62-69. doi 10.34689/SH.2025.27.2.008
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.