SEMEY MEDICAL UNIVERSITY

(Nauka i Zdravookhranenie)

Рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журнал

Ғылым және денсаулық сақтау

Кеңейтілген іздеу

СОЗЫЛМАЛЫ ПАНКРЕАТИТПЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.34689/t7wqsh22

Кілт сөздер:

созылмалы панкреатит, өмір сүру сапасы

Аңдатпа

Кіріспе. Созылмалы панкреатитпен ауыратын науқастар өмір сүру сапасына әсер ететін себептерді зерттеп, оңалтудың ұтымды жолдарын анықтауға болады. Мақсаты. Созылмалы панкреатитпен ауыратын науқастардың өмір сүру сапасын зерттеу. Зерттеу материалы және әдістері. Зерттеу дизайны – проспективті көлденең зерттеу. «Семей медицина университеті» КеАҚ университеттік госпиталінің гастроэнтерологиялық бөлімінде 2022 – 2023 ж.ж. аралығында созылмалы панкреатитпен емделген 159 науқастарға әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Науқастардың медициналық, әлеуметтік сипаттамасын анықтау үшін арнайы сауалнама құрастырылды. Науқастардың өмір сүру сапасын бағалау үшін SF-36 сауалнамасы қолданды. Науқастардағы күйзеліс, уайымшылдық деңгейін зерттеу үшін стандартты сауалнамалар колданылды (Бектің күйзеліс шкаласы, Спилберг сауалнамасы). Зерттеу нәтижелерінің статистикалық сараптауы SPSS бағдарламасы 20.0 ұсынысын қолданып жүргізілді, p<0.05 болғанда нәтижелер статистикалық айқын саналды. Нәтижелері. Созылмалы панкреатитпен ауыратын науқастардың өмір сүру сапасы физикалық (40,14±8,25), психикалық (44,85±8,75) компоненттер бойынша төмендеген. Өмір сүру сапасының «рөлдік физикалық қызмет» (46,04±19,23), «рөлдік эмоциялық қызмет» (49,49±19,58) көрсеткіштері бойынша нашарлауы науқастар өмір сүруінің жайсыздығын аңғартады. Науқастардың өмір сүру сапасының жеке көрсеткіштеріне жасы, жынысы, әлеуметтік статусы, физикалық белсенділігі, аурудың өршуі және ұзақтығы, дәрігерлер бақылауы, қосымша аурулары және психологиялық статусының әсері анықталды. Қорытынды: Созылмалы панкреатитпен ауыратын науқастардың өмір сүру сапасын 60 және одан үлкен жасы, мүгедектік, жұмыссыздық, төмен физикалық белсенділік, қосымша майлы гепатоз, өт–тас ауруы, холецистит, семіздік, күйзеліс, уайымшылдық, аурудың жиі өршуі және 10 жылдан астам ұзақтығы, дәрігерлер бақылауында болмауы айтарлықтай нашарлатады.

Автор өмірбаяны

  • Аскар Ахметов

    PhD докторант 3 года обучения по специальности 8D10101 - "Общественное здравоохранение», НАО "Медицинский университет Семей". г. Семей, Республика Казахстан. Почтовый индекс: Республика Казахстан, 071400, г. Семей, ул.Абая, д.103. E-mail: oskar2202@mail.ru Телефон: +77055276501

Әдебиеттер тізімі

Ахметов А.Ж., Булегенов Т.А., Аймагамбетов М.Ж., Омаров Н.Б., Колядо В.Б., Байбусинова А.Ж., Жусупов С.М., Масалов А.Е., Абдрахманов С.Т., Әуенов М.Ә. Качество жизни больных с хроническим панкреатитом // Наука и Здравоохранение. 2024. Т.26 (3). С. 24-33. doi 10.34689/SH.2024.26.3.003

Akhmetov A.Zh., Bulegenov T.A., Aimagambetov M.Zh., Omarov N.B., Kolyado V.B., Baibussinova A.Zh., Zhusupov S.M., Masalov A.E., Abdrakhmanov S.T., Auenov M.A. Quality of life of patients with chronic pancreatitis // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2024. Vol.26 (3), pp. 24-33. doi 10.34689/SH.2024.26.3.003

Ахметов А.Ж., Булегенов Т.А., Аймагамбетов М.Ж., Омаров Н.Б., Колядо В.Б., Байбусинова А.Ж., Жусупов С.М., Масалов А.Е., Абдрахманов С.Т., Әуенов М.Ә. Созылмалы панкреатитпен ауыратын науқастардың өмір сүру сапасы // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (3). Б. 24-33. doi 10.34689/SH.2024.26.3.003

Жүктеулер

Жарияланды

2025-11-11

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Категориялар

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 3 > >> 

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 112

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.