ҚУЫҚ АСТЫ БЕЗІНІҢ ҚАТЕРСІЗ ГИПЕРПЛАЗИЯСЫ БОЙЫНШАОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛҒАН НАУҚАСТАРДА УРЕТРАСТРИКТУРАСЫНЫҢ ЖӘНЕ ҚУЫҚ СКЛЕРОЗЫНЫҢ ДАМУЫНА ҚАУІПФАКТОРЛАРЫНЫҢ ҮЛЕСІН БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.34689/ktwrem38Кілт сөздер:
уретральды стриктура, қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы, қуық мойын склерозы, трансуретральды резекция, ықтималдық қатынасыАңдатпа
Кіріспе. Үрпі стриктурасы мен қуық мойынының склерозы, көптеген елдерде ерлер урологиялық патологиясының жиі
себептерінің бірі болып табылады. Стриктуралардың негізгі себептері жыныстық қатынаспен берілетін инфекцияның,
жамбас жарақаттарының, операциялардың әсерінен үрпінің фиброзы. Зерттеу мақсаты қуық асты безінің қатерсіз
гиперплазиясына байланысты операция жасалған науқастарда үрпі стриктурасы мен қуық склерозының дамуына әртүрлі
қауіп факторлерінің әсерін зерттеу.
Материалдар мен әдістер. Біз қауіп қатер факторының әрқайсысына мүмкіндіктер қатынасын есептеу арқылы
үш жылда операция жасалған науқастар арасында – 2019 ж. 2021 жж. (барлығы 702 науқас) операциялық
араласулардың кеш асқынуларының таралуын ретроспективті эпидемиологиялық зерттеу жүргіздік. Топтардың
әртүрлі қажеттілігінің критикалық деңгейі р<0,05 болып қабылданды. Статистикалық сараптаманың барлық
шаралары SPSS 20 бағдарламасы бойынша жасалды.
Нәтижелер. Үрпі стриктуралары мен қуық мойын склерозы операциядан кейіңгі кезеңде 4,9 % науқастарда
кездесті. Статистикалық нақты деңгейі бар негізгі қауіп факторлары, госпитализацияның жедел түрі (МҚ=0,015,
р=0,006), операцияға дейіңгі инфекциялық қабыну (МҚ=0,624, р=0,042) және операцияға дейіңгі қалдық зәр
мөлшері (МҚ=1,014, р=0,022). МҚ жоғарғы көрсеткіштері ҚТҮР-ға, артық салмақ және семіздік, бір жылдан аса
созылмалы аурулар бар науқастарда болды.
Қорытыңды. ҚБҚГ бойынша операциялық араласуларды жоспардау кезінде, сонымен қатар операциядан
кейіңгі кезеңде науқастарды жүргізуде, үрпінің стриктурасы мен қуық мойын склерозының алдын алу шараларын
құрастыру және еңгізу мақсатында оның дамуының қауіп қатер факторлерін ескеру керек.
Әдебиеттер тізімі
Kairambayev Ye.М., Sidekhmenov V.A., Mailybayev A.C., Bulegenov T.А., Neimark A.I., Akhmetova A.K. Urazalina Zh.M., Pivin M.R., Pivina L.M. Assessment of risk factors for development of urethral strictures and bladder neck sclerosis in patients who have underwent surgery for benign prostate hyperplasia // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2023, (Vol.25) 6, pp. 91-96. doi 10.34689/SH.2023.25.6.010
Кайрамбаев Е.М., Сидехменов В.A., Майлыбаев А.C., Булегенов Т.А., Неймарк А.И., Ахметова А.К., Уразалина Ж.M., Пивин М.Р., Пивина Л.M. Оценка вклада факторов риска в развитие стриктур уретры и склероза мочевого пузыря у пациентов, перенесших оперативное вмешательство по поводу доброкачественной гиперплазии предстательной железы // Наука и Здравоохранение. 2023. 6(Т.25). С. 91-96. doi 10.34689/SH.2023.25.6.010
Кайрамбаев Е.М., Сидехменов В.A., Майлыбаев А.C., Булегенов Т.А., Неймарк А.И., Ахметова А.К., Уразалина Ж.M., Пивин М.Р., Пивина Л.M. Қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы бойынша операция жасалған науқастарда уретра стриктурасының және қуық склерозының дамуына қауіп факторларының үлесін бағалау // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2023. 6 (Т.25). Б.91-96. doi 10.34689/SH.2023.25.6.010
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.