ЭТАНОЛМЕН ШАҚЫРЫЛҒАН АСҚАЗАН ЖАРА МОДЕЛІНДЕ МЕЛАТОНИННІҢ ЕМДІК ӘСЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.34689/b2kh7s78Кілт сөздер:
Мелатонин, антиоксидант, циркадты ырғақ, метаболикалық синдром асқорыту жүйесі, асқазан-ішек жолдарының жара ауруыАңдатпа
Өзектілігі. Қазіргі таңда, мелатонин және агонистерін тек ұйқының бұзылуымен бірге жүретін жетлаг синдромы, ұйқысыздық, стресс, қорқыныш, ашулану, мазасыздық, күйзелістік жағдайларды емдеуде, жалпы ағзаның иммундық жүйесін көтеруде, антиоксиданттық қорғаныс ретінде тиімділігі дәлелденген. Мелатонин организмде кез келген жүйеде әсерін көрсететін маңызды хронобиологиялық молекула екендігі бұрыннан мәлім. Мелатониннің асқазан-ішек жүйесіндегі рөлі және фармакологиялық әсері осы күнге дейін өзекті тақырыптардың бірі болып, түрлі бағыттарда зерттеулер жалғасын табуда. Зерттеудің мақсаты. Этанолмен шақырылған экспериментальді асқазан жара моделінде этанол концентрациясына байланысты мелатониннің емдік әсерін бақылау. Зерттеудің материалдары мен әдістері. Проспективті клиникаға дейінгі (эксперименттік) бір орталықты зерттеу. Жұмыс зертханалық егеуқұйрықтарды қолдану арқылы жүргізілді. Зерттеу жұмыстары 6 топтың әрқайсысы үшін әр түрлі концентрациядағы этанолмен индукцияланған асқазан жарасының моделінде (100-75- 60%) жүргізілді және мелатонин ойық жараға (15 мг/кг) және бақылау тобына енгізілді. Алынған мәліметтер SPSS статистикалық бағдарламасының сынақ нұсқасында (SPSS 20 Inc, Chicago, IL, USA) талдаудан өтті, статистикалық маңызды деңгейі p < 0,05 деп қабылданды. Зерттеу нәтижелері. Егеуқұйрық асқазанында этанол концентрация тәуелді макроскопиялық талдауда пайда болған жара ауданын арттырды. Осы жара ауданының артуында мелатонин алдын ала профилактикалық мақсатта теріастылық иньекция түрінде берілгенде, жараның жалпы ауданын азайтқан. Этанолмен (100%) шақырылған жара тобында пайда болған жара ауданы 15.01±1.92мм болса, алдын ала мелатонин (15мг/кг) перитон ішіне беріліп, 30 минуттан соң 100% этанолмен шақырылған жара тобында 14.01±1.74 мм, 75% этанол тобында 13.24±1.71 мм болса, мелатонин+ 75% этанолмен шақырылған жара тобында 11.87±1.45 мм, 60% этанолмен шақырылған жара тобында 11.52±1.15 мм болса, ал мелатонин+ 60% этанолмен шақырылған жара тобында 6,12±0,54 мм жара ауданы азайғандығы байқалған. Қорытындылары. Осы зерттеуде әр түрлі концентрацияда этанолдан пайда болған жараның алдын алуда, емдеуде мелатонин оң әсерін көрсеткен. Неғұрлым төмен концентрациядағы этанолдың әсеріне мелатонин жараның алдын алуда соғұрлым жоғары деңгейде мәнді өзгеріс байқалған.
Әдебиеттер тізімі
Skenderova A.A., Nuskabayeva G.N., Tatykayeva U.B., Sarsenbayeva G.Zh., Kemelbekov K.S., Seidakhmetova A.A. Therapeutic effects of melatonin in an ethanol-induced gastric ulcer model // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2024. Vol.26 (5), pp. 85-92. doi 10.34689/SH.2024.26.5.011
Скендерова А.А., Нускабаева Г.О., Татыкаева У.Б., Сарсенбаева Г.Ж., Кемельбеков К.С., Сейдахметова А.А. Терапевтические эффекты мелатонина на модели язвы желудка, вызванной этанолом // Наука и Здравоохранение. 2024. Т.26 (5). С. 85-92. doi 10.34689/SH.2024.26.5.011
Скендерова А.А., Нускабаева Г.О., Татыкаева У.Б., Сарсенбаева Г.Ж., Кемельбеков К.С., Сейдахметова А.А. Этанолмен шақырылған асқазан жара моделінде мелатониннің емдік әсері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2024. Т.26 (5). Б. 85-92. doi 10.34689/SH.2024.26.5.011
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.