ЭССЕНЦИАЛДЫ ЖӘНЕ УЫТТЫ МИКРОЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ НЕСЕП ТАС АУРУЫ ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ.
DOI:
https://doi.org/10.34689/9xarwz97Кілт сөздер:
несеп тас ауруы, эссенциалды микроэлементтер, уытты микроэлементтер, ауыр металдарАңдатпа
Өзектілігі. Бұл зерттеу эссенциальді және токсикалық микроэлементтердің несеп тас ауруының дамуына әсерін қарастыратын әдебиеттер шолуын ұсынады. Микроэлементтердің дисбалансы, минералды алмасудың бұзылуы, оксидативті стресс және қабыну процестерінің арасындағы өзара байланыстың маңыздылығына ерекше көңіл бөлінген, олар тас қалыптасу механизмдерінде маңызды рөл атқарады. Іздеу стратегиясы: PubMed, Scopus, Web of Science, Google Scholar және ScienceDirect деректер базаларында ғылыми жарияланымдарды жүйелі іздеу жүргізілді. Іздеу тереңдігі 10 жылды құрады. Анализге эссенциалды және уытты микроэлементтердің несеп тас ауруының патогенезіндегі рөлі туралы деректерді қамтитын 60 мақала енгізілді. Нәтижелер: Эссенциалды микроэлементтердің (кальций, магний, цинк, селен) және уытты металдардың (қорғасын, кадмий, сынап, мышьяк) тас түзілу процестеріне әсері туралы деректер ұсынылған. Микроэлементтердің тепе-теңдігінің бұзылуы минералды алмасудың бұзылуына, оксидативті күйзелістің дамуына және қабыну реакцияларының пайда болуына ықпал етуі мүмкін екені анықталды, олар несеп тас ауруының патогенезінде маңызды рөл атқарады. Алынған деректер микроэлементтердің НТА түзілу механизмдеріндегі маңызды рөлін растайды. Қорытынды:Ағзадағы микроэлементтердің деңгейін бақылау және уытты микроэлементтердің әсерін азайту несеп тас ауруының алдын алуға көмектесуі мүмкін. Аурудың алдын алу және емдеудің тиімді стратегияларын әзірлеу үшін қосымша зерттеулер қажет.
Әдебиеттер тізімі
Kanatbekova A.K., Kozykenova Zh.U., Apsalikov B.A., Akkaliyev M.N., Shagiyeva D.Sh., Mukasheva G.D., Terlikbaeva G.A., Buleukhanova R.T., Yessenbayeva А.А., Massabayeva M.R. The role of essential and toxic trace elements in the development of kidney stone disease. Literature review // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (2), pp. 179-187. doi 10.34689/SH.2024.27.2.020
Қанатбекова А.Қ., Козыкенова Ж.У., Апсаликов Б.А., Аккалиев М.Н., Шагиева Д.Ш., Мукашева Г.Д., Терликбаева Г.А., Булеуханова Р.Т., Есенбаева А.А., Масабаева М.Р. Роль эссенциальных и токсичных микроэлементов в развитии мочекаменной болезни. Обзор литературы // Наука и Здравоохранение. 2025. Vol.27 (2), С.179-187. doi 10.34689/SH.2025.27.2.020
Қанатбекова А.Қ., Козыкенова Ж.У., Апсаликов Б.А., Аккалиев М.Н., Шагиева Д.Ш., Мукашева Г.Д., Терликбаева Г.А., Булеуханова Р.Т., Есенбаева А.А., Масабаева М.Р. Эссенциалды және уытты микроэлементтердің несеп тас ауруы дамуындағы рөлі. Әдебиеттік шолу // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2025. Vol.27 (2), Б. 179-187. doi 10.34689/SH.2025.27.2.020
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.