БЕЙСПЕЦИФИКАЛЫҚ ОЙЫҚ ЖАРАЛЫ КОЛИТ КЕЗІНДЕГІ ЭНДОТЕЛИЙ ДИСФУНКЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЕМДЕУДІҢ ТҮЗЕТУ МҮМКІНДІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.34689/c1se9s41Кілт сөздер:
спецификалық емес ойық жаралы колит, эндотелидің дисфункциясы, қан тамырларының кеңеюі, қан тамырларының тарылуыАңдатпа
Кіріспе. Ойық жаралы колиттің таралуы мен ауырлығы оны қазіргі уақыттағы өзекті мәселе болып тұр. Қазіргі
мәліметтерге сүйенсек, бұл аурудың патогенезі күрделі, ол ағзаның көптеген функционалдық жүйелерінің
реакцияларын қамтиды. Олардың бірі – тамыр эндотелийі, оның жай-күйі мен БЖК (бейспецификалық ойық
жаралы колит) ағымы арасындағы байланыс, сондай-ақ емдеу үдерісіндегі рөлі әлі де толық зерттелмеген.
Зерттеудің мақсаты: Бейспецификалық ойық жаралы колиттің клиникалық ағымымен тамыр эндотелийінің
қызметінің ерекшеліктерін анықтау.
Материалдар мен әдістер: Бейспецификалық ойық жаралы колитпен ауыратын 68 - пациент зерттелді, олар
аурудың белсенділік деңгейі мен қолданылған емдеу әдістеріне қарай топтарға бөлінді. Сондай-ақ, клиникалық
тұрғыдан сау 80 - адам бақылау тобына енгізілді. Эндотелий жағдайының бірнеше параметрі зерттелді: қан
айналымының құрамындағы эндотелиоциттер (АЭ) саны, азот тотығы (NO) метаболиттері мен эндотелин-1 деңгейі,
эндотелийге тәуелді вазодилятация деңгейі. сонымен қатар, 1 жылға созылған проспективті бақылау барысында
рецидивтердің жиілігі мен даму мерзімдері анықталды.
Нәтижелер: Негізгі және бақылау топтарындағы эндотелидің қызметінің көрсеткіштері арасында айтарлықтай
айырмашылық байқалды (эндотелин-1 белсенділігінің 119,5%-ға артуы, p<0,01; айналымдағы эндотелиоциттердің
88,4%-ға көбеюі, p<0,001). Ауру белсенділігі бойынша бөлінген науқас топтарының ішінде АЭ деңгейінде елеулі
айырмашылықтар анықталды, бірақ эндотелинің қызметіне байланысты басқа параметрлер бойынша айтарлықтай
ерекшеліктер байқалмады. Минималды белсенділік деңгейінде бақылау тобымен айырмашылықтар іс жүзінде
анықталмады. Емдеу барысында клиникалық топтар арасында тек АЭ деңгейі бойынша айырмашылықтар болды –
18,8%-ға төмендеу (p=0,043). Орташа белсенділік деңгейі бар науқастарда эндотелиге әсер ету ремиссия жиілігінің
жоғарылауына және оның тезірек дамуына ықпал етті. 1-топтың пайдасына айырмашылықтар ремиссия жиілігі
бойынша 50,8% (t=0,032, p<0,05), ал ремиссия басталу уақыты бойынша 46,3% (p=0,013) болды.
Қорытындылар:
1. Бейспецификалық жаралы колит ағымы эндотелидің дисфункциясымен қатар жүреді, бұл вазодилятация мен
вазоконстрикция арасындағы теңгерімнің бұзылуы, вазодилятация деңгейінің төмендеуі және қан тамырлары
эндотелий қабатының зақымдануымен сипатталады.
2. Ауру белсенділігі мен эндотелидің функциясының бұзылу деңгейі арасында байланыс бар, яғни ауру
неғұрлым ауыр болса, эндотелижің дисфункциясы соғұрлым жоғары болады. Бұл эндотелий дисфункциясының
бейспецификалық жарыл колиттің патогенезіндегі рөлін көрсетеді.
3. Медикаментозды емдеу эндотелий дисфункциясының деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді және оның әсері
ұзақ уақыт сақталады.
Әдебиеттер тізімі
Калимолдина Г.К., Муздубаева Ж.Е., Ботабаева А.С., Оразалина А.С., Каскабаева А.Ш., Жумадилова З.К. Эндотелиальная дисфункция при неспецифическом язвенном колите и возможности её коррекции при лечении // Наука и Здравоохранение. 2025. Vol.27 (1), С. 56-65. doi 10.34689/SH.2025.27.1.007
Kalimoldina G.K., Muzdubaeva Zh.E., Botabaeva A.S., Orazalina A.S., Kaskabayeva A.Sh., Zhumadilova Z.K. Endothelial dysfunction in ulcerative colitis and possibilities for Its correction during treatment // Nauka i Zdravookhranenie [Science & Healthcare]. 2025. Vol.27 (1), pp. 56-65. doi 10.34689/SH.2025.27.1.007
Калимолдина Г.К., Муздубаева Ж.Е., Ботабаева А.С., Оразалина А.С., Каскабаева А.Ш., Жумадилова З.К. Неспецификалық ойық жаралы колит кезіндегі эндотелий дисфункциясы және оны емдеу кезінде түзету мүмкіндіктері // Ғылым және Денсаулық сақтау. 2025. Vol.27 (1), Б. 56-65. doi 10.34689/SH.2025.27.1.007
Жүктеулер
Жарияланды
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Рецензируемый медицинский научно-практический журнал «Наука и здравоохранение»

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.